Ұланда жел электр станциясы салынады

Бұл туралы ШҚО Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алмат Арсламбаев мәлімдеді.
- Тайынты ауылының маңындағы Умыш асуында жел электр станциясын салу жобасы 2013 жылы басталған болатын. Жел тармақтарына зерттеу жүргізіліп, геологиялық барлау да жасалды. Бастамашы да, инвесторлар да болды, - дейді Алмат Арсламбаев. - Ол жылдары инвестор мен істі қолға алғандар тариф сұрағына келіспеді. 24 Мвт қуат көзі Ұлан ауданын қамтамасыз ете алады. Қалған электрқуаты республиканың бірыңғай желісіне қосылады.
Бұл жобамен бірге Зырян ауданында 24,9 Мвт қуатты Тұрғысын СЭС құрылысы жүріп жатыр.
Дос Сапар
Подпишись на рассылку лучших статей от Устинка Live. Без спама.