/ Цифрлық қолтаңбаны онлайн ұзартуға болады
/ Рекламные блоки

Цифрлық қолтаңбаны онлайн ұзартуға болады

Электрондық цифрлық қолтаңбаның қызметін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) бармай-ақ онлайн режимде ұзартуға болады
13 апреля 2017 года, 17:35 1729
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Цифрлық қолтаңбаны онлайн ұзартуға болады
Источник: © Алдаспан Фото: © Kn.kz
Мұндай қызмет Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының (ҚР ҰКО) www.pki.gov.kz сайтында қолжетімді. ЭЦҚ кілтін оның жұмыс жасау мерзімі аяқталғанға дейін ғана создыруға болатынын айта кеткен жөн. Егер де қолтаңбаның мерзімі аяқталған болса, пайдаланушыларға цифрлық қолтаңбаны іске қосу үшін ХҚКО-на баруға тура келеді.

ЭЦҚ алу мен ұзарту бойынша нұсқаулықпен электрондық үкімет порталының (http://egov.kz/cms/kk) басты парақшасындағы бөлімдегі ақпаратпен танысуға болады. 

Цифрлық қолтаңбаның мерзімі берілген уақыттан бір жыл ғана жарамды болып табылады. ҚР ҰКО ақпаратына сәйкес, мұндай мерзім криптографиялық кілттердің төзімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар, ЭЦҚ тізімдерінің белсенділігі мен қайтарылған қолтаңбалардың оптималды өлшемін қолдау үшін қажет.

Загрузка...

Получайте уведомления от Устинка Live