/ Ұлан ауданында санитарлық тазалық жүргізілді
/ Рекламные блоки

Ұлан ауданында санитарлық тазалық жүргізілді

  Көктем айы келіп, айнала ақ қар мен мұз құрсауынан босап, жасылға малынар тұста табиғат анаға жанашырлық танытып, ұландықтар тазалық жұмыстарын бастап та кетті
09 апреля 2017 года, 17:10 2169
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Ұлан ауданында санитарлық тазалық жүргізілді
Источник: © Алдаспан Фото: © uralskweek.kz

7 сәуір күні аудан орталығы Қасым Қайсенов кентінде көріктендіру және лайықты санитарлық-эпидемиологиялық ахуалын қамтамасыз ету мақсатында сенбілік өтті.

Сенбілікке мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері шығып, өздеріне бекітілген көшелер мен жолдарды, арықтарды, скверлерді қоқыстан тазалап, белсенділік танытты. Санитарлық тазалау жұмыстары айтарлықтай жүргізілді.

Сенбілікте Қасым Қайсенов кенті әкімдігі арнайы техника жұмылдырып, шығарылған қоқыстарды арнайы орындарға жеткізді.

Көктем - күн шуағының жер тоңын жібітіп, топырақ бусанып, қоқыстардың қобырайтын кезі. Сондықтан атқарылатын жұмыс та ауқымды.

Алдымызда тұрған санитарлық екі айлыққа, кәсіпорын және мекеме ұжымдары, білім беру мекемелерінің оқушылары ғана белсенді қатыспай, ауданның елді мекендерінің әрбір тұрғыны белсенді ат салысады деп үміттенеміз. Көшелер мен ауламыздың тазалығы баршамызға байланысты, біздің жауапкершілік сезіміміз бен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауымыз керек.


Загрузка...

Получайте уведомления от Устинка Live