/ Облыстағы білім ошақтарының 37%-ы талапқа сай емес
/ Рекламные блоки

Облыстағы білім ошақтарының 37%-ы талапқа сай емес

Шығыс Қазақстан облысында бүгінгі таңда 900-ден астам білім беру ошақтары бар
09 февраля 2017 года, 10:19 1973
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Облыстағы білім ошақтарының 37%-ы талапқа сай емес
Источник: © Алдаспан Фото: © today.kz

Осы білім ошақтарының мемлекеттік білім беру талаптарын сақтауын Білім саласын бақылау департаменті қадағалайды. Осы орайда 2016 жылдың қорытындысы бойынша 313 бақылау шаралары жүргізілген. Олардың 173-і мемлекеттік аттестация. Мемлекеттік аттестациядан мектепке дейінгі білім беру, орта білім беру және техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінің 37,5 пайызы (65 мекеме) өтпей қалған.

- Білім алушылардың аттестация барысында тестілеудің шектік деңгейінен өтпей қалуы, мекемелердің технологиялық және материалдық базасының талаптарға сай келмеуі, сонымен қатар әсіресе ауылдық аймақтардағы білім ошақтарындағы пәндік кабинеттердің болмауы мен оқытушылардың жетіспеушілігі аттестациядан өтпей қалудың негізгі себептері болып табылады, - дейді ШҚО Білім саласын бақылау департаментінің басшысы Нұргелді Абжапаров.

Ал департамент осы шыққан сәйкессіздіктерді қорытындылай отырып, жергілікті атқарушы органдарға хат жазып, білім ошағына сәйкессіздіктерді жою үшін белгілі бір уақыт береді

- Егер департамент ескертпелерін ескермеген білім ошақтары болса, әкімшілік іс жүргізіледі. Бірақ көп жағдайда барлық сәйкессіздіктер ретке келтіріліп жатады, - дейді Нұргелді Алханұлы. - Біз жергілікті әкімшілік, білім басқармасымен бірлесе отырып, барлық олқылықтардың орнын толтыру жолдарын қарастырып, мейлінше қатаң жазалаудан аулақ болуға тырысамыз.

Облыста білім сапасы бойынша аттестациядан ең нашар көрсеткішке ие аудандардың қатарында Бородулиха (85%-ы аттестациядан өтпеген), Күршім (80%-ы) және Зайсан (62%-ы) бар. Ал сәйкесінше жақсы нәтиже көрсеткендер қатарында Өскемен қаласы, Катонқарағай және Жарма аудандары тұр. Жалпы, білім сапасы бойынша Шығыс өңірі республикада 7-орында тұр.


Назерке Нұрболатқызы


Загрузка...

Получайте уведомления от Устинка Live