/ Қауіпсіздіктің тағы бір шарасы
/ Рекламные блоки

Қауіпсіздіктің тағы бір шарасы

Қазақстанда терроризм туралы ақпаратты қабылдайтын 110 нөмірлі желі іске қосылды
12 сентября 2016 года, 09:55 1897
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Қауіпсіздіктің тағы бір шарасы
Источник: © Алдасан Фото: © tengrinews.kz

Осы нөмірге хабарласқан тұлғалардың қоңырауларын бірден аймақтық ҰҚК департаментінің кезекші бөліміне жолданып отырады.

ҰҚКД антитеррористік бөлімінің қызметкері Валерий Скосарев хабарлағандай 110 нөмірі тамыз айында іске қосылды.

- Бұл жалпы республикалық сенім телефоны. Алайда террористік әрекет туралы жалған ақпарат тарату заңмен қудаланатынын ұмытпау қажет. Мұндай әрекет үшін ірі көлемде айыппұл салынып, бас бостандықтан айыру жазасы қолданылады, - деді Валерий Скосарев.

Террористік қауіптің «сары» деңгейі халықты қырағы болуға, қоғамдық орындарда, көпшілік жиналған жерлерде күдікті заттар мен адамдар жайлы хабарлауға шақырады.

Айта кету керек, шалынған қоңыраулар жасырын болмауы қажет. Тұрғындар керісінше антитеррористік ұйымдарды құрықтауға қолдау көрсетулері керек. Егер күдікті затты көрсеңіз, тәртіп сақшыларына хабарлағаннан кейін олар келгенше затты бақылап, өзгелердің жоламауын қадағалағаны дұрыс.


Загрузка...

Новости по теме

Получайте уведомления от Устинка Live