/ «Нұр Отан» партиясының филиалдарына кім төрағалық ету керек?
/ Рекламные блоки

«Нұр Отан» партиясының филиалдарына кім төрағалық ету керек?

Жергілікті жерлердегі «Нұр Отан» партиясының төрағаларын әкімдерден сайламау керек деген ұсыныс айтылды
16 мая 2016 года, 07:06 2424
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - «Нұр Отан» партиясының филиалдарына кім төрағалық ету керек?
Источник: © Алдасан Фото: © khabar.kz
Өскемен қаласында өткен «Нұр Отан» партиясының хатшысы Наталья Годунова және ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттарының халықпен өткізген кездесуі барысында аталмыш ұсыныс жасалды.

- «Нұр Отан» партиясының төрағалығын әкімдер атқарса, партия қалайша жемқорлықпен күресе алады. Ешбір әкім әкімдікте жүріп жатқан жемқорлық әрекеттері жайлы айтпайды. Сондықтан жергілікті жердегі «Нұр Отан» партиясының төрағаларын әкімдерден бөлек тұлғалардан таңдау керек, - деді қоғамдық кеңес мүшесі Серік Оразбайұлы.

Бұл ұсыныс билік басшыларымен қаралып жатқандығын «Нұр Отан» партиясының хатшысы Наталья Годунова айтты.

- Аталмыш сұрақты біз қарастырып отырмыз. Алайда партияға төрағалық ете алатындай лайықты тұлғаларды табу қиын, - деді Наталья Николаевна.

Сонымен қатар, Серік Оразбайұлы партияға адамдарды қабылдаған кезде санға емес, сапаға баса назар аударған жөн екендігін атап өтті.

Загрузка...

Получайте уведомления от Устинка Live