/ «Ел бірлігін сақтаған татулықты айт...»
/ Рекламные блоки

«Ел бірлігін сақтаған татулықты айт...»

ШҚО А.Пушкин атындағы кітапханада «Ел бірлігін сақтаған татулықты айт...» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өтті
16 мая 2016 года, 06:03 4952
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - «Ел бірлігін сақтаған татулықты айт...»
Источник: © Алдасан Фото: © vkgu.kz
Оған айтыс үздігі – Балғынбек Имашев қатысты.

«Күннің Шығыстан шыққаны сияқты бүкіл жақсылық осы жерден тарасын деген мақсатпен, кітаптың тұсаукесерін Алтай жерінде өткізуді жөн санадық» - деді айтыс өнерінің майталманы – Балғынбек Имашев. «Алтын домбыра» жүлдесінің иегері, белгілі айтыскер ақынның айтып отырған кітабы – «Ел бірлігін сақтаған татулықты айт...» деп аталады. Ол тіркес жыр алыбы атанған Жамбыл Жабаевтың Құлманбетпен айтыста айтқан нақыл сөзі еді. Кітапқа Жамбыл өлеңіндегі үзіндінің берілуі де тегін емес, биылғы жылы бір туар ақынның 170 жылдық мерейтойы тойланады.

Сондай-ақ Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 25 ақынның айтыста айтылған шумақтары да осы кітапқа кірген. 1991 жылдан бастап күні бүгінге дейін халықтың мұңын жоқтаған ақындардың айтыста айтылған шумақтары іріктелініп алынған. Сол дара сөз иелерінің қатарында, Мұхамеджан Тазабек, Аманжол Әлтаев, Мэлс Қосымбаев, Серікзат Дүйсенғазин, Ринат Зайытов, Айгүл Тұрсынбаева, Сара Тоқтамысқызы сынды үздік ақындар бар. Олар тұсауы енді кесілген жаңа жинаққа арқау болған азаматтар. – Басында өз қаражатымызбен 3000 дана шығарамыз деп ойладық, кейіннен осы кітаптың мазмұнына қаныққан кісілер «көбейтейік, 10 мың даңа қылып шығарайық таралымына сұраныс болып жатса, көптеп шығару керек кітап екен» деп ұсыныс білдіріп жатыр. Оның барлығы қаражатқа байланысты. Демеушілер табылып жатса, шығарамыз, мүмкіндігіміз болса тегін таратсақ деген ойымыз бар» - деп қалталы азаматтардан демеушілік сұрағандай болды Имашев мырза.

Ал кітапты шығару үшін ақынның шәкірттері – Тәуелсіздіктің төл құрдасы Жандарбек Бұлғақов пен Мейіржан Әлібеков көп еңбек еткен көрінеді. Күні-түні бейнетаспаларды ақтарып, ең нәрлі шумақтарды іздеген.

«Бір таспадан мазмұнды деген он шумақ шыққан кездер де болды, іліпаларлық дүние болмаған уақыттар да кезікті» - деп жалғады сөзін айтыскер. Оның айтуынша, кеткен еңбек зая емес. Кітап қазіргі уақытта Қазақстанның барлық аймақтарында сұранысқа ие болып отыр. Облыс басшылықтары жинаққа тапсырыс берсе, жіберуге дайын екендіктерін де айтып өтті.

«2006 жылы кандидаттық диссертация қорғадым. Содан бері ғылымға қатысты оқулықтар, аударма кітаптар жазып жатырмын». Балғынбек мырза айтыста 25 жыл бойы айтысып келеді. Осы уақыт ішінде айтыста ойып орын алған ақындармен «пікір» алмасты.

– Жеке шығармашылығымды ғана кітап қылып шығарсам болатын еді, бірақ халықтың аузына ілінген ең таңдаулы, ең үздік деген ақындардың елге қажетті сөздерін ғана жинап-теріп шығардық - деді Б.Имашев. Бұл Тәуелсіз Қазақстандағы айтыскер ақындардың шығарған алғашқы жинағы. Өмірде кездесетін түрлі тауқымет пен ел ішіндегі келеңсіздіктердің барлығы – осы кітаптан орын тепкен.

Загрузка...

Новости по теме

Получайте уведомления от Устинка Live