/ Қалдықтарды өртеу шығынға батыруы мүмкін
/ Рекламные блоки

Қалдықтарды өртеу шығынға батыруы мүмкін

Құрғақ бұтақтар, жапырақтар мен өзге қоқысты өртеген кезде азаматтардың 80 пайызы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамайды. Соның кесірінен үлкен өрт оқиғалары орын алып жатыр
14 апреля 2016 года, 10:39 4356
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Қалдықтарды өртеу шығынға батыруы мүмкін
Источник: © Алдасан Фото: © domodedovod.ru

Өткен аптада өңірде ашық алаңда өрт өршу оқиғалары жиілеп кетті. Көктем келе сала бақша иелері мен жеке сектор тұрғындары өз алаңдарын қоқыстан тазалауға шығып жатыр. Көп жағдайда қауіпсіздік ережесінің дұрыс сақталмауы себебінен қараусыз қалған от санаулы минуттарда-ақ көрші учаскелерге де тарап кеткен.

- Қоқысты жою орындарын дұрыс дайындау қажет, - дейді ШҚО ТЖД өртті мемлекеттік бақылау бөлімінің бастығы Ринат Қондыбаев. - Қалдықтар мен қоқыстарды ғимараттардан 50 метр қашықтықта ғана өртеуге рұқсат етілген. Жерден шұңқыр қазып, отты сонда жағу керек. Қоқысты аз-аздан жағу керек және жоғары ылғалды бұлтты күнді таңдау керек.

Сонымен қатар өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинап қою қағидаларын бұзу, көрсетілген қалдықтарды жағу кезiнде өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды сақтамау – Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 336-бабымен қудаланады. Жеке тұлғалар үшін - 3 АЕК, лауазымды тұлғаларға - 20 АЕК, кіші кәсіп немесе коммерциялық емес ұйым иелері үшін – 40 АЕК, орта кәсіп иелеріне – 70 АЕК салынады. Ал өрт қауіпсіздігін сақтамаған ірі кәсіп иелеріне 120 АЕК көлемінде әкімшілік жаза қолданылады.


Загрузка...

Новости по теме

Получайте уведомления от Устинка Live