Усть-Каменогорск
облачно
-4°
  • Усть-Каменогорск
    -4°
  • Алматы
    +7°
  • Нур-Султан (Астана)
    -13°
  • Актобе
    -6°
  • Форт-Шевченко
    +5°
  • Атырау
    -3°
  • Караганда
    -2°
  • Кокшетау
    -16°
  • Костанай
    -11°
  • Кызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -14°
  • Петропавловск
    -16°
  • Тараз
    +10°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +9°
$
511.22
-1.78
540.05
-1.11
¥
70.61
-0.14
4.73
+0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Семейде келесі жылы ыстық су қосылады

Облыс әкімі Даниал Ахметов Семей қаласының қысқы кезеңге дайындығымен танысып қайтты

Бұл мақсатта өңір басшысы ЖЭС-1, РК-1, РК-3 қазандықтарында болып, жылу беру нысандарының жөндеу жұмыстары жайымен танысып шықты. 

Қазір Семей қаласы жылыту кезеңіне дайын отыр. Осы күнде 50 мың тонна көмір әкелінсе, «Қаражыра» компаниясымен ары қарай жұмыс жалғастыруға келісім дайын. 1 қазаннан бастап барлық семейлік білім және медицина орталықтары жылумен қамтылатын болады. 

ЖЭС-1 қазандығының жөндеу жұмыстары мәресіне жетіп қалды. 2009 жылдан жалғасып келе жатқан қайта жөндеу жұмыстары 2015 жылы қаржының бөлінбеуіне байланысты тоқтап қалған. Мұнымен қоса жылыту нысанының 600 млн теңгедей несиелік берешегі бар. Мұнда екі қазандық ауыстырылса да, олар іске қосылмаған. Бұл жұмыстарды жүзеге асыру үшін 1 млрд 800 млн теңгедей қаражат қажет. 

 – Біз қазандықты ауыстыруға және РК-1 негізгі жұмыстарды аяқтауға қаражат бөлеміз. Оның негізінде қуаты 12 мегаватт болатын турбинаны іске қосамыз. Ал келесі жылы ЖЭС-1 де дәл осындай қуат көзі қосылса, сатып алынған электр энергиясын қолданбаймыз. Ал үнемделген қаражат жазды күні қалалықтарды ыстық сумен қамтамасыз етуге жұмсалады, - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Аймақ басшысы семейліктерге бұдан былай жазда ыстық суды құрылғыда жылытып әуре болмайтындарын жеткізді. Келер жылдан бастап қаладағы тұрғын үйлерге ыстық су беру мәселесі түбегейлі шешіледі. 

Айта кету керек, Семей қаласында 1997 жылдан бастап ыстық су мәселесі тапшылық танытып келеді.
Следующая →