Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Казахстан Казахстан
Источник:
Алдаспан

Тұрғындар жинақ банкі арқылы жеке тұрғын үй сала алады

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының тағы бір бастама бағыты - жеке тұрғын үй құрылысын салу

Жеке тұрғын үй құрылысын салудың екі басты кезеңі бар: оның бірі - мемлекет бөліп берген жерлерге үй салу, екіншісі - бөлінген жерде салынған жер үйлерді сату.

Дегенмен, мемлекеттің алғашқы кезеңге көп көңіл бөліп отырғаны байқалады. 2017 жылы жеке тұрғын үй құрылысын салуға республика бойынша 40 мың жер телімі бөлінген.

- Жеке тұрғын үй құрылысын салу жергілікті атқарушы орган мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі және құрылыс компаниясының арасындағы келісімшарт негізінде жүзеге асады. Әкімдік тұрғын үй құрылысын салу жөніндегі пилоттық жобаға адамдарды тізімге қабылдау туралы мәлімет жариялайды. Жиналған тізімді әкімдік Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне жібереді. Банк тізімдегі адамдардың төлем қабілеттілігіне сараптама жасайды да, тағы бір тізім жасап әкімдікке жібереді. Жеке тұрғын үй құрылысын салуға қажетті жер мөлшері мен оны алатын адамдардың тізіміне қатысты соңғы қорытындыны әкімдіктің өзі шығарады, - дейді ШҚО жер қатынастары басқармасының басшысы Виктория Барсукова.

Кейін жергілікті атқарушы орган тұрғын үйді салуды ұйымдастырады. Жеке тұрғын үй құрылысын салуға тек бір ғана құрылыс мердігері таңдалып алынады. Әкімдік салынған үйлерге қатысты сату және сатып алу келісімшарттарын жасайды. Содан кейін ғана ТҮҚЖ қарыз береді.

Сатып алушыларға жеке тұрғын үйді салудың бірнеше үлгілері көрсетіледі. Қажетті үйдің жоспарын алған соң әкімдік соған сәйкес 10 соттық жерге үй салып береді.


Авторы: Қымбат Слямбеков

Следующая →