Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Мектеп оқушылары жазда қалай жұмысқа орналаса алады?

Оқу жылы да аяқталып, мектеп оқушылары үш айлық жазғы демалысқа шықты. Олардың бір бөлігі жаз демалысын қалай өткізетінін білмей, дал болады

Ересек оқушылардың көбі жұмыс жасауға ниет етіп, қандай да бір табыс көзін іздей бастайды. Алайда кәмелетке толмаған балаларды жұмысқа қабылдамау туралы заң да жазғы уақытта құқық қорғау органдары тарапынан үлкен қадағалауға алынады.

- Менің ұлым биыл 9-сыныпты бітіріп жатыр. Баламның жұмыс істегісі келеді. Базарда сатушы болып істейтін бір құрбым балама жұмыс беремін деп уәде берген еді. Алайда жақында ғана ұлымның 16 жасқа толмағанын біліп, жұмысқа алудан бас тартты. Өйткені жаз уақытында полицейлер жұмыс жасап тұрған балалардың төлқұжатын жиі тексереді екен, - дейді Гүлмира Әлібекқызы.

Кәмелетке толмаған балаларға жұмыс тауып беруге жұмыспен қамту орталығының қауқары жоқ көрінеді. Өйткені Еңбек заңнамасына сәйкес компаниялар кәмелетке толмаған балаларға бірқатар жеңілдіктер жасауы тиіс, оның ішінде жұмыс уақытын қысқарту, ата-анасының келісімін алу сияқты өзге де толып жатқан шарттары бар. Сондықтан мектеп оқушылары мен студенттерді жұмысқа алуға көптеген компаниялар мүдделі емес.

- 2017 жылы қаланың жұмыспен қамту орталығына жұмыс берушілерден кәмелет жасқа толмағандарды уақытша жұмысқа алу туралы ешқандай өтініш түспеді. Орталық кәмелет жасқа толмағандарды жұмыспен қамтуды жоспарлап отырған жоқ, - дейді Өскемен қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» мекемесінің директоры Сұңғат Омаров.

Сонымен қатар, жұмыспен қамту орталығына мектеп оқушылары да жұмыс іздеп жүгінбейтін көрінеді. Мұны жұмыспен қамту мекемесі де растап отыр.

- 2016 жылы жұмыспен қамту орталығына кәмелетке толмаған жастардан ешкім жұмыс іздеп жүгінбеді. Биыл тек 3 студент қана жұмыс іздеп, мекеме көмегіне жүгінді, - дейді Сұңғат Омаров.

Өз кезегінде, бұл мекеме жастарды жұмыспен қамтуға арналған «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасының бар екендігін еске салды. «Жасыл ел» бағдарламасы ұзақ уақыт бойы жастарды жұмыспен қамтып келгендігі белгілі. Алайда бұған да 16 жастан асқан жастар ғана қатыса алады.

- Жастар «Жасыл ел» бағдарламасына сәйкес ресми жұмысқа орналаса алады. Жұмыс берушілермен келісімшарт жасалады, жұмысшының зейнетақы қорына ақша аударылады. Қатысушылардың айлық еңбекақысы орта есеппен 60 мың теңгені құрайды. Оның 35 мың теңгесі республикалық бюджеттен төленсе, кем дегенде, 24 мың теңгесін жұмыс беруші төлейді, - дейді Өскемен қаласы «Жастар орталығы» мекемесінің директоры Ринад Ахметжанов.

Сонымен қатар, аталмыш орталық жастарды жұмыспен қамтуға өтініш (300 адамға) қабылдап жатқанын жеткізді. Сондықтан 16-29 жас аралығындағы жастар қауымы келесі мекенжай бойынша жұмысқа өтініш қалдыра алады: Әуезов даңғылы, 5-үй, телефоны 25-01-70.

16 жастан асқан жастардың «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналаса алатынын әрі төлқұжаты бар жастың еш қиындықсыз жұмысқа тұра алатындығын білдік. Ал 16 жасқа толмаған 14-15 жастағы, алайда жұмыс жасауға деген құлшынысы басым оқушыларды не істемекпіз?

Мұның да жауабы табылды. Қаламызда көп адам біле бермейтін «Отбасын қорғау және балаларды қолдау орталығы» атты мекеме бар. Бұл орталықта 2013 жылдан бастап Жұмысқа орналастыру бюросы жұмыс жасайды.

- Біздің орталық 16-18 жас аралығындағы балаларға заң шеңберінде жұмыс тауып бере алады. Балалар оқудан бос уақытында жұмыс жасай алады. Бүгінде 4 жұмыс беруші компаниямен 30 кәмелетке толмаған баланы жұмыспен қамту туралы меморандумға қол қойылған, - дейді орталық директоры Лилия Куземко.

Орталықтың 4 жұмыс берушісі келесідей жұмыс түрлерін ұсына алады:

- «Киселев» ЖК-ке жарнама жабыстырушылар қажет;

- «ZAP» дүкеніне промоутерлер қажет;

- «Автобот» сервис орталығына промоутерлер қажет;

- «Металлург» паркіне аттракцион операторлары қажет.

Кәмелетке толмаған балалар 26-68-95 телефонына хабарласу арқылы кезекке жазыла алады. 2017 жылдың 30-мамыр күнгі есепке қарағанда орталыққа барлығы 426 жасөспірім тіркелген екен, оның 251-і мектеп оқушысы. Кезекке жазылуға ешқандай құжат қажет емес. Орталық кезекке тұру барысында жастарға түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Дегенмен, бұл орталық та жұмыс берушілердің көбі 16 жастан асқан балаларды жұмысқа алуға тырысатындығын айтады.


Қымбат Слямбеков 

Следующая →