Өскеменде Алаш қайраткерлеріне қатысты құпия құжаттар табылды
Өскемен қаласының Ішкі істер басқармасы Алаш орда үкіметіне қатысты бұрын-соңды жарияланбаған құпия құжаттарды халықтың назарына ұсынды
Бұл құжаттарда Алаш орда қозғалысының басшылары туралы құпия деректер сақталған, әсіресе, тарихшылар үшін аса маңызды мәліметтер болып табылады.
Құжаттарда алашордалықтардың 1917 жылы алғаш рет большевиктер партиясының қудалауымен тұтқындалып, кейін босатқаны, ал 1930 жылдардың ортасынан бастап жаппай репрессия шаралары басталғандығы расталған. Ондаған Алаш қайраткерлерінің тағдыры құжатқа тіркелген. Оның ішінде Әлихан Бөкейхановқа, Ахмет Байтұрсынұлына, Биахмет Сәрсеновқа, Қайым Мұхамедхановқа, Рақым Уәлихановқа, сонымен қатар шығысқазақстандық жерлесіміз заңгер Райымжан Мәрсековке қатысты деректер табылған.
Репрессия құрбаны болған бұл Алаш арыстарының құжатта табылған суреттерінің жанында «ату» (расстрелять) таңбасы қоса қойылған. Мұндай тарихи дерек көп адамның жанын түршіктіретіні белгілі.
Құжаттарды халыққа ұсынып отырған ШҚО Ішкі істер басқармасының ақпараттық-талдама бөлімі басшысының орынбасары Динара Әлімбекова Алаш қайраткерлеріне қатысты тарихи құжаттардың әлі табылып, тарих бетіндегі ақтаңдақтардың аздап болсын ашылып жатқандығын айтады.
- Біздің қолымызда бірегей мұрағат құжаттары бар. Олардың ішінде сот процестеріне, тергеу жұмыстарына, шағым беруге қатысты мәліметтер мен қамауға алу жөніндегі ордер, ату жазасына бұйрық шығарылған қаулылардың фотокөшірмелері бар. Мұның барлығы қылмыстық іске қатысты құжаттар әрі бұл экспонаттарды тарихи жәдігер болғандықтан бөлек жерде сақтаймыз, - дейді Динара Әлімбекова.
Облыстық Ішкі істер департаменті мұрағатында Шәкәрім Құдайбердіұлы аударған "Дубровский" шығармасының қазақша түпнұсқасы да сақтаулы тұр екен. Департамент қызметкерлері бұл құжаттардың келешек ұрпақ үшін де өте маңызды екендігін айтады.
1917 жылдың 5-13 желтоқсанында құрылған Алаш орда үкіметіне биыл 100 жыл толды. Облыстық ішкі істер департаменті де аталмыш мерейтойға байланысты өз мұрағатындағы құжаттарды мұражайға ұсынып отыр.
Айта кетейік, 31 мамыр - ашаршылық мен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Аталмыш мереке 1997 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген. Зерттеушілердің деректеріне көз жүгіртсек, 1927-1953 ж.ж. Қазақстан бойынша 125 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Қуғын-сүргін жылдары бүкіл елде 953 лагерь болған.
Бұл күні мыңдаған қазақстандықтар репрессияға ұшыраған алаш азаматтарын да еске алып, шаралар өткізетін болады.
Следующая →