Усть-Каменогорск
ясно
+4°
  • Усть-Каменогорск
    +4°
  • Алматы
    +12°
  • Нур-Султан (Астана)
    +14°
  • Актобе
    +17°
  • Форт-Шевченко
    +22°
  • Атырау
    +19°
  • Караганда
    +13°
  • Кокшетау
    +13°
  • Костанай
    +14°
  • Кызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +17°
  • Тараз
    +13°
  • Уральск
    +10°
  • Шымкент
    +17°
$
479.23
534.96
¥
68.35
5.16
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Өскемен жылу электр орталығында өрт болды

Өскемендіктер қала аумағында қою қара түтінді көріп, біраз қорыққаны рас. Өрт Абай даңғылы мен Тракторной көшесінің қиылысында болған

Бұл аумақта «Казцинк» және ҮМЗ тәрізді ірі кәсіпорындар да орналасқан. Қала тұрғындары оқиғаның мән-жайын толықтай түсінбей, әу бастан аталмыш ірі кәсіпорындардың біреуі өртке орануы мүмкін деп болжам жасады. «Жанармай құю бекетінің де өртенуі мүмкін ғой» дегендер де болды. Қалай дегенмен, қалың өрт қала халқын біраз дүрліктіріп қойды.

Бірақ өрт орын алған сәттен бастап Облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел ақпарат тарата бастады.

- Өскемен қаласы жылу электр орталығының аумағы 400 шаршы метрді құрайтын ғимараты мен оның ішіндегі пластик бөлшектері өртенді, - делінген ведомствоның баспасөз қызметінде.

Өрт сағат 11.00-де басталған. Ал 11.52-де өшірілген. Өрт сөндіруге қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының 80 қызметкері мен 20 техника жұмылдырылған. Зардап шегушілер жоқ.

Жылу электр орталығы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрт басталғанға дейін орталықтың су суыту қондырғысы орналасқан бөлімінде жөндеу жұмыстары жүріп жатқан. Сондықтан кәсіпорынның техникалық жабдықтарына еш зардап келмеген.

Дегенмен, төтенше жағдайлар орын алғаннан кейін қаланың бірнеше аудандарында суық су өшірілген. Кейбір тұрғындар мұны орталықтың өртке орануымен байланыстырып жатты. Алайда, мекеме мұны жоққа шығарды.

- Станция толықтай штаттық режимде жұмыс жасап тұр, тұрғындарды электр қуатымен және сумен қамтамасыз ету тоқтатылған жоқ, - деп мәлімдеді Өскемен қаласы жылу электр орталығының баспасөз қызметі.

Мекеме үлкен зардап шекпесе де, өрттің шығу себебі анықталу үстінде. Жағдайды облыс әкімдігі де бақылауға алды. Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ержан Қоңырбаев пластик бөлшектердің өртену себебінен түтін қою қап-қара болып шыққан дегенді айтады. Әкім орынбасары өрт қала тұрғындары мен кәсіпорын жұмысшыларына, қаланың экологиялық жағдайына еш ықпал етпегендігін де атап өтті. Дегенмен, оның қаланың қоршаған ортасына еш зияны тимеді дегенге келісу қиын. Өйткені, пластик бөлшектердің өртенуі бәрібір де ауаға зиянды заттарды таратады.


Қымбат Слямбеков

Следующая →