/ «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында мектептер ашылмақ
/ Рекламные блоки

«Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында мектептер ашылмақ

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражаты есебінен «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында 8 білім беру нысандарының құрылыстары жүргізілуде
03 ноября 2016 года, 09:11 1320
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында мектептер ашылмақ
Источник: © Алдасан Фото: © i.kapital.kz

Қазақстан Республикасы егемендігін алғаннан кейін небары 25 жыл ішенде көркейіп, әлемнің ең дамыған 50 елдің қатарына енді. Тәуелсіздік алған жылдарынан бері білім беру жүйесі едәуір табыстарға қол жеткізді. Соған орай білім саласын дамытуға бөлінген қаржы жылдан жылға өсіп келе жатқаны да белгілі. Статистикаға сүйенсек, 1996 жылдармен салыстырғанда білім саласына бөлінген бюджеттің көлемі 15 есе өссе, ал мұғалімдердің еңбекақы мөлшері 7 есе өскен екен. Бұл жайында Шығыс Қазақстан облысының білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнұр Сұлтанова «ШҚО Ақпараттық орталығы» АКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Қазіргі таңда «Қазақстан-2050», ұлт жоспары «100 нақты қадам» стратегиялары осы заманғы мемлекеттің дамуына үлкен үлес қосып отыр.

Тәуелсіздік жылдарында Шығыс өңірі бойынша 179 білім беру объектілері салынды. Оның ішінде 31 997 орындық 138 мектеп, 4 470 балаға арналған 22 балабақша, 100 орындық 1 интернат, оның 18 нысаны (мектеп, қазандық, спорт алаңдары, мектеп интернаттар, инженерлік жүйелер) қайта жаңартылды. Соның ішінде 2016 жылы ҰҚ есебінен 14 білім беру объектілерінің құрылысы жүзеге асырылуда. Олар: 5692 орындық 13 мектеп және 280 орынға арналған 1 балабақша салынуда.

- ҚР Ұлттық қорының қаражаты есебінен «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында 8 білім беру нысандарының құрылыстары жүргізілуде. Оның 7-і 3920 балаға арналған мектеп құрылыстары болса, біреуі 280 балаларға арналған балабақша құрылысы, - деді брифингте Айнұр Сұлтанова.

Сондай-ақ, соңғы екі жылда аймақ мектептерінде бір жарым мыңнан астам заманауи жабдықталған физика, химия, биология және математика пәндеріне кабинеттері ашылған.

2016 жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап облыс аралық оқу орындарында «Дарынды мектеп» жобасы енгізілді. Осы жоба аясында дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп білімдерінде математика, физика, информатика пәндерінің жаңартылған мазмұнына көшу курстары енгізілді. Ал облыстың 19 ауданында «Шығыс Ұландары» дарынды ұл балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» кадеті облыстық мамандандырылған мектеп-лицей интернатының сыныптары ашылатын болады.


Загрузка...

Новости по теме

Получайте уведомления от Устинка Live