/ Общество в Казахстане

Балабақшаның ата-анадан қаражат сұрауы заңды ма?

Мемлекеттік балабақшаға баратын балалардың ата-аналары ешқандай қабылдау ақыларын төлемеуі керек
21 апреля 2016 года, 09:57 2575
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Балабақшаның ата-анадан қаражат сұрауы заңды ма?
Источник: © Алдасан Фото: © akjunis.kz

Балабақшаға кәсіпкер, бизнесмен ата-аналар өз еріктерімен көмектесе алады. Мұның өзі демеушілік есепшоттар арқылы жүзеге асырылу керек.

- Бір де бір ата-ана балабақша басшылығының қолына қаражат табыстауға міндеттелмейді. Егер балабақша меңгерушісі немесе басшысы ата-аналардан баласын балабақшаға алғаны үшін қабылдау ақысын сұраса, бұл оның заңсыз әрекеті болып есептеледі, - деді қалалық білім бөлімінің басшысы.

Мұндай әрекеттердің алдын алу мақсатында биыл білім бөлімі балабақшаға балаларын беретін ата-аналармен жиналыс өткізіп, жиналыс барысында балабақшаға қабылдау ақысын төлеудің қажеті жоқ екенін айтып жеткізбекші.

- Егер бала балабақшаның кезегінде тұрып, өз кезегімен қабылданатын болса, бұл жерде балабақшаға қабылдау ақысы туралы сөз мүлдем болмауы керек, - деп атап өтті Мәдениет Медеуханқызы.

Сонымен қатар, мекеме басшысы балабақшалар мен мектептерде ата-аналардан жиналатын топ пен сынып қорларының да заңсыз екенін айтты. Егер мектеп пен балабақшаға қол ұшын созғысы келген ата-ана болса, барлығын заңды түрде жүзеге асырғандары дұрыс екенін атап өтті ол.


Новости по теме

Получайте уведомления от Устинка Live