/ Общество в Казахстане

ҰБТ-ны қайта тапсыру құны белгілі болды

Болжамдық есепке сәйкес, биыл облыс мектептеріндегі 8346 түлектің 6919-ы ҰБТ тапсырып, жоғары оқу орнына түсуге ниет білдіріп отыр
31 марта 2016 года, 09:31 3838
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - ҰБТ-ны қайта тапсыру құны белгілі болды
Источник: © Алдасан Фото: © massaget.kz

Газетіміздің алдыңғы санында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің ұлттық бірыңғай тесттен өте алмағандар енді ақылы түрде сынақтан қайта өтуге мүмкіндіктері бар екенін жазған едік.

ҚР Білім және ғылым министрлігі хабарлағандай биыл мектеп бітіруші түлектер ҰБТ-ны маусымның 1-і мен 15-і аралығында тапсыратын болады. Ал осы сынақтан шектік балл жинай алмай қалған түлектер тамыз айында екінші мәрте ақылы түрде тест тапсыра алады. ҰБТ-ны қайта тапсыруға болатын жоғары оқу орындарының тізімін ҚР Білім және ғылым министрлігі кейінірек анықтамақ.

Одан өзге тестті қайта тапсыратын түлектер төрт сабақтан, яғни, Қазақстан тарихы, математика, оқыту тілі және таңдау пәнінен тест тапсыратындығы мәлім болды. Екінші мүмкіндікке ие болу үшін түлектер тұрғылықты жеріндегі жоғары оқу орнына өтініш жазып, 3х4 суретінің 4 данасын және мектеп, техникалық немесе кәсіби білім беру орнын бітіргендігі жайлы құжаттар өткізуі шарт. Ақылы түрде ҰБТ-ны қайта тапсыру құны - 2242 теңге.

- Екінші мәрте ақысын төлеп тест тапсыру түлектің тек ақылы оқуға түсуіне мүмкіндік береді, - дейді ШҚО Білім басқармасының басшысы Айжан Садықова. Сонымен қатар, жаңа реформаға сай 2017 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеуді тек университетке түскісі келетіндер тапсыратын болады. Бұл өзгерістің білім деңгейіне қалай әсер ететіндігін бұл реформа нақты жүзеге асқаннан кейін ғана айтуға болады.

Айта кетсек, ШҚО бойынша 2015 жылы 1056 оқушы шекті деңгейден өте алмады. Ал оның ішінде аталмыш 50 балды жинай алмаған өскемендіктер саны – 155.


Загрузка...

Новости по теме

Получайте уведомления от Устинка Live