Telegram

/ ШҚО жастары сайлау науқанына әзірленуде

ШҚО жастары сайлау науқанына әзірленуде

Ағымдағы жылы 20 наурызда өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депуттарының сайлауында алғашқы рет дауыс беретін өңірдегі жастардың саны 18 мыңға жуық адамды құрайды
16 марта 2016 года, 12:20 4440
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - ШҚО жастары сайлау науқанына әзірленуде
Источник: © Алдасан Фото: © ШҚО Ақпарат орталығы
Мемлекет үшін маңызды күні өңір жастарының белсенділігін арттыру мақсатында 2016 жылғы 16 наурыз, сағат 10.00-де бір сәтте облыстың барлық қалалары мен аудандарында «Бұл менің сайлау учаскем!/Это мой избирательный участок!» акциясы басталды.

 Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша «Бұл менің сайлау учаскем!» акциясын өткізудегі басты мақсат облыс жастарының электоральдық белсенділігін арттыру. 

Акция барысында облыстың барлық қалалары мен аудандарында жас азаматтар бір мезетте өз сайлау учаскелеріне барып, өздерінің сайлаушылардың тізімінде бар-жоқтарын тексеріп, дауыс беру үрдісі туралы негізгі ақпараттармен танысты.

 – Бұл мен үшін өте маңызды күн. Акцияның ұйымдастырушыларына алғысым шексіз. Енді мен өз сайлау учаскемнің қай жерде орналасқанын, сайлау болатын күні не істеу керек екендігін білемін деді, – Өскемен қалалық №78 сайлау учаскесінің жас сайлаушысы Батырбай Әбілқайыр. Іс - шараға қатысушы жастарға естелікке «Менің алғашқы сайлауым!» төсбелгілері табысталды. Сол күні жас шығысқазақстандықтар өз сайлау учаскелерінде фотосуретке түсіп, «Жас таңдау» республикалық акциясына қатысушысы атанды. Аталған фотосуреттерді жастар www.zhastandau.kz сайты арқылы жүктей алады

Загрузка...

Новости по теме

Получайте уведомления от Устинка Live