Telegram

/ ШҚО-да сайлау науқанын 800-ге жуық тәуелсіз сарапшы бақылайтын болады

ШҚО-да сайлау науқанын 800-ге жуық тәуелсіз сарапшы бақылайтын болады

Шығысқазақстандықтар Мәслихат және барлық деңгейдегі мәжіліс депутаттарын сайлау науқанына қатысуға белсенділік танытуда
10 марта 2016 года, 16:29 4875
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - ШҚО-да сайлау науқанын 800-ге жуық тәуелсіз сарапшы бақылайтын болады
Источник: © Алдасан Фото: © i.kapital.kz
Шығысқазақстандықтар Мәслихат және барлық деңгейдегі мәжіліс депутаттарын сайлау науқанына қатысуға белсенділік танытуда. Соның ішінде сайлау барысын бақылайтын тәуелсіз сарапшы болуға бірнеше ұсыныс түсіп, 800-ге жуық азамат біліктілікті арттыру семинарынан өткен. Бұл жайлы баспасөз мәслихаты барысында ШҚО Сайлау өту кезеңдерін бақылау орталығының жетекшісі Людмила Гейцман мәлімдеді. 

 Осы уақытқа дейін Өскеменде 110, Семейде 124, Зырян ауданында 78, Үржарда 73 және басқа да аудандарда семинар өтіп, жалпы саны 800-ге жуық азамат тәуелсіз сарапшы болу мүмкіндігіне ие болған. 

 – Біздің басты мақсатымыз, партия және үміткерлер арасында тепе-теңдікті қамтамасыз етіп, науқанның заңды түрде жүруін қадағалау. Науқан барысында аймақтық штаб өкілі мен сайлау өту кезеңдерін бақылау орталығының мамандарымен еркін байланысқа шығып, тіпті смартфон сынды байланыс құралдарын да қолдана алады, – деді Людмила Гейцман.

Загрузка...

Новости по теме

Получайте уведомления от Устинка Live