Усть-Каменогорск
пасмурно
+11°
  • Усть-Каменогорск
    +11°
  • Алматы
    +12°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +15°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +8°
  • Кокшетау
    +10°
  • Костанай
    +12°
  • Кызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +11°
  • Уральск
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.89
+0.08
477.93
+1.11
¥
62.02
+0.02
4.76
-0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Өңірде 14 кәсіпорын жеке меншікке сатылған

2016 жылы ШҚО-да «Алтай» волейбол клубы, «Семей-Автовокзал»,  «Өскемен-Тазалық», «Нарын Сектор» ЖШС-лары сынды 14 кәсіпорын 249,8 млн теңгеге сатылған

Көкпекті ауданы ұлттық спорт түрлері бойынша «Дархан» клубы, Тарбағатай ауданы «Тұлпар» ұлттық спорт түрлері клубы, «Тарбағатай жолдары» ЖШС, «Табиғат-Өскемен» ЖШС,  Шығыс Қазақстан облыстық протез-ортопедиялық орталық КМК тәрізді белгілі ұйымдар да сатылған заңды тұлғалар қатарында. 

Кәсіпорындардың сатылған бағасына келсек, «Алтай» волейбол клубы 700 мың теңгеге, Шығыс Қазақстан облыстық протез-ортопедиялық орталығы 110 111,1 мың теңгеге, «Өскемен-Тазалық» ЖШС-нің 51% акциясы 94 590,5 мың теңгеге сатылған. 

- Жекешелендіруге берілген кәсіпорындардың басшысы ауысқанымен, өзінің негізгі қызметін жалғастыра береді. Аталмыш кәсіпорынның қызметін ауыстырмау жөнінде келісімшартқа қол қойылады. Мәселен, әлеуметтік маңызы зор Шығыс Қазақстан облыстық протез-ортопедиялық орталығы да бұрынғыдай медициналық қызметін жалғастырады әрі мемлекеттік сатып алуға да қатыса алады, - дейді Мемлекеттік сатып алу және коммуналды меншік басқармасының бастығы Нұрлан Байжігітұлы. 

Кәсіпорындар жекешелендіруге берілген соң, мемлекет бұл кәсіпорындарды сақтап тұруға еш қаражат бөлмейді, барлық шығынды тек жеке кәсіпкер өз міндетіне алады. 
Следующая →