Усть-Каменогорск
пасмурно
+11°
  • Усть-Каменогорск
    +11°
  • Алматы
    +12°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +15°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +8°
  • Кокшетау
    +10°
  • Костанай
    +12°
  • Кызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +11°
  • Уральск
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.89
+0.08
477.93
+1.11
¥
62.02
+0.02
4.76
-0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Халықтың сеніміне ие болу маңызды міндет

Елбасының дәстүрлі Жолдауы қазақстандықтардың көңіліне үміт ұялатып, оң өзгерістер мен жағымды жаңалықтар күтетін қозғаушы күшке айналғалы қашан.

Мемлекет басшысының биылғы жылғы кезекті Жолдауы да кең қолдауға ие болып, халықтық сипат алды.

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деген атаумен жарық көрген 2017 жылғы Жолдауы ел дамуының басты бағыттарын айқындап, болашаққа бағдар болатын негізгі стратегиялық құжатқа айналды.

Жолдауда экономика, өнеркәсіп, кәсіпкерлікті дамыту, білім беру және халықты әлеуметтік қамсыздандыру сынды сан салалы бағыттармен қатар құқықбұзушылықтың алдын алу мен заңдылықты қамтамасыз ету жұмыстарына ерекше екпін түсірілген. Елбасы, әсіресе, барлық құқық қорғау саласының негізгі өзегі болып табылатын сот жүйесіндегі жұмыстардың жүйелі жүргізілуіне айрықша назар аударды. 

Жолдауда «Әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендірген жөн. Әкімшілік айыппұлдар әділетті және құқықбұзу деңгейіне сәйкес болуға тиіс», - делінуі қазіргі таңдағы ең қажетті әрі өзекті мәселелердің бірі деп есептеймін.

Сонымен қатар, Елбасы өз халқына Жолдауында «Сот жүйесіне деген сенімнің артуына қол жеткізу қажет. Судьялардың жұмысына заңнан тыс кез келген ықпалды жою маңызды» дей келе, судьялар адалдық пен кәсібиліктің үлгісі бола отырып, халықтың сеніміне ие болу қажеттілігін ескертті. Сондай-ақ, судьяның сот төрелігін жүзеге асыру барысында тәуелсіз болу керектігін, қазылардың қызметіне заңсыз ықпал еткісі келетіндер заңнама аясында жауапкершілікке тартылатындығын да қадап айтты.

Расымен де, халық қазылардың әділдігіне қалтқысыз сенгенде ғана заңның үстемдігі салтанат құрған нағыз құқықтық қоғам орнайтыны анық. Олай болса, еліміздің сот жүйесі халықтың сеніміне ие болу мен сот қызметінің қолжетімділігі мен ашықтығы жолындағы жұмыстарын жандандыра беретіні хақ.

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қарлатын істердің саны жылдан-жылға артып келеді. Бұл істердің саны мен қатар халықтың сотқа деген сенімі де артып келе жатқандығын көрсетсе керек.



С. Ибраев

Өскемен қаласының

мамандандырылған

әкімшілік сотының

төрағасы

Следующая →