Усть-Каменогорск
пасмурно
+11°
  • Усть-Каменогорск
    +11°
  • Алматы
    +12°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +15°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +8°
  • Кокшетау
    +10°
  • Костанай
    +12°
  • Кызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +11°
  • Уральск
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.89
+0.08
477.93
+1.11
¥
62.02
+0.02
4.76
-0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Мемлекеттік қызметкерлердің 35,6%-ы өте жақсы нәтиже көрсетті

<p align="justify">      Шығыс Қазақстан облысы бойынша 1 ақпаннан бастап 3513 мемлекеттік қызметкерлер бірыңғай құзыреттер шегі шеңберінде тестілеуден өтті </p>

Тестілеуден өткен мемлекеттік қызметкерлердің ішінде «өте жақсы» көрсеткішке ие болғандардың саны - 35,6%, «тиімді» - 61,4%, «қанағаттанарлық» - 2,8%, «ең аз» - 0,2%-ды көрсетті.

Айта кетейік, «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамның» 15 қадамына сәйкес ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметкерлері аттестаттаудан өтеді.

- Екінші деңгейдегі әңгімелесу кезеңі басталды, атап айтқанда облыс әкімі аппаратының және облыстық басқармалардың басшылық құрамындағы мемлекеттік қызметкерлермен әңгімелесу өткізілді, - деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің баспасөз қызметі. - Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 24 сәуіріне дейін өтетін әңгімелесу кезеңінен аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары, аппарат басшылары, ауылдық окруктерінің әкімдері, дербес бөлімдердің басшылары және облыстық басқармалардың мемлекеттік қызметкерлері.

Екінші деңгейдегі аттестаттау комиссияларының құрамына қоғамдық кеңестердің, қоғамдық бірлестіктердің және депутаттық корпусының өкілдері кіреді. Жалпы, «Б» корпусы мемлекеттік қызметкерлерін аттестаттаудың мақсаты - кәсіби дайындық деңгейін және лауазымына сәйкестігін анықтау.

Сонымен қатар, аттестаттау мемлекеттік қызметте одан әрі жоғарлау үшін мемлекеттік қызметкерлердің ынтасын айқындауға мол мүмкіндік береді.


Ерке Мұхаметкәрім

Следующая →