Усть-Каменогорск
ясно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Нур-Султан (Астана)
    +20°
  • Актобе
    +21°
  • Форт-Шевченко
    +21°
  • Атырау
    +22°
  • Караганда
    +16°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +20°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Өзгерістер өзегі талқыға салынды

Өскемен қалалық «Нұр Отан» партиясының филиалында ел Конституциясына енгізілген өзгерістер талқыланды

Конституцияның 19 бабына 26 өзгеріс енгізілді. Президенттен Үкіметке және Парламентке 35 әлеует берілді. «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының төрағасы Майраш Екібасованың айтуынша, елдің негізгі заңына енгізілген барлық өзгертулер мен толықтырулар қоғамды демократияландыруды ары қарай дамытуға көп септігін тигізбек.

- Үкіметке мемлекеттік бағдарлама мен бірыңғай қаржыландыру жүйесі және бюджет төлемдері беріледі, мұның көптеген оңтайлы жағы бар, - дейді Майраш Екібасова. – Көптеген мемлекеттік бағдарламалар Үкіметпен жасалып, бекітіліп, бақыланатын болады. Яғни, жауапкершілік артқандықтан кімнен жауап алуға болатынын білетін боламыз.

Айта кету керек, Қазақстанның Негізгі заңына енгізілген өзгеріс бойынша, Президент Сыртқы істер, Ішкі істер және Қорғаныс министрлерін өзі тағайындайтын болады. Сонымен қатар Премьер-министр Үкіметтің әрекеті мен маңызды шешімдерін тек Президентке ғана емес, Парламентке де баяндап отыруға тиісті. Перзидент осыдан былай Премьер-министр мен Үкіметтің актілерін тоқтатып немесе бас тарта алмайды. Ел президенттігіне үміткерлердің барлығы жоғарғы білімді болуы керек.

Айта кету керек кең талқыға түскен 26-шы бап өзгеріссіз қалды. Сонымен қатар Астанаға Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру сұрағы Конституцияға енгізілмеді.

Следующая →