Усть-Каменогорск
малооблачно
+10°
  • Усть-Каменогорск
    +10°
  • Алматы
    +13°
  • Нур-Султан (Астана)
    +13°
  • Актобе
    +14°
  • Форт-Шевченко
    +16°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +13°
  • Кокшетау
    +13°
  • Костанай
    +11°
  • Кызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +15°
  • Уральск
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
448.81
+0.25
476.82
-1.21
¥
62
+0.03
4.77
-0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Жаңа Елбасыға қойылатын талап күшеймек

Конституцияның жаңа нұсқасын Парламенттің қос палатасы екінші оқылымда талқылап, түбегейлі мақұлданды

Басты құжатты енді Конституциялық кеңес қарап шығуы тиіс.

Тарихи құжатқа 10 түрлі ұсыныс енгізген. Жаңа өзгертулердің қатарына депутаттар Конституцияға Елбасы Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы деп жазуды ұсынды. Сондай-ақ, ел аумағында террористік шабуыл ұйымдастырғандар сот үкімімен бірден азаматтығынан айырылады.  

Сенаторлар мен мәжілісмендер ең алдымен Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегін Ата Заңмен бекіткен. Яғни, алғаш рет Конституцияға Елбасы Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы деп жазылды және енді Президенттікке үміткерлерге де талап қатаң болады.

- Қарапайым қызметкердің өзіне жоғары білімі бар болу керек деп талап етеміз. Ал ең жоғары мемлекеттік лауазымдағы қызметке үміткер адамға ешқандай жоғары білімнің қажеті жоқ деген сөз болмауы керек. Сондықтан біз оны міндетті түрде жазғыздық, - деді Мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіров.

Сондай-ақ, Ата Заңда террористерді азаматтығынан айыру да қарастырылған. Лаңкестік оқиғалар ұйымдастырғандарға мұндай жаза соттың үкімімен қолданылмақ. Жалпы, Конституцияға 26 өзгеріс енгізіліп отыр. Ал Президент Үкімет пен Парламентке 35 түрлі билігін бөліп берді. Қос палата бірауыздан бекіткен жаңа Ата Заңды Елбасы Конституциялық кеңестің қарауына жіберді. Одан кейін Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қол қоюы тиіс.

Айта кету керек, Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін Астанаға, Елордадағы халықаралық әуежайға беру туралы ұсыныс ескерусіз қалды. Сөйтіп, бас қаланың аты ауыспайтын болды. Жаңа Ата заң бойынша Қорғаныс, Сыртқы істермен қоса Ішкі істер министрін де Елбасы тағайындайды. Қалған министрлерді Премьер депутаттармен келісіп таңдайды. Парламент мүшелері тіпті оларды қызметтен боста да алады. 
Следующая →