Усть-Каменогорск
ясно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Нур-Султан (Астана)
    +20°
  • Актобе
    +21°
  • Форт-Шевченко
    +21°
  • Атырау
    +22°
  • Караганда
    +16°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +20°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Инновациялық жобалар игерілуде

2014 жылы Шығыс Қазақстан облысында «Инновациялық тәжірибе» жобасын жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылған болатын

- 2014 жылдың ақпан айында Астана қаласында ЕО комиссиясы мен Шығыс Қазақстан облысы «Экологиялық қауіпсіздік орталығы» ЖШС атынан келісімшартқа қол қойылған болатын, - дейді ЖШС басшысы Генадий Корешков. - Келісімшарт мақсаты – тәжірибелік семинарлар мен тренингтер арқылы ЕО ноу-хауды жергілікті жағдайға бейімдей отырып, ШҚО әкімдігінің әлеуметтік және экономикалық мүмкіндігін нығайту болып табылады.

Геннадий Леонидовичтің айтуынша «Инновациялық жобалар» ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көтерген инновацияларды бірінші кезекте енгізу сұрағына жауап береді.  

- Біздің жобалардың екі жаққа да тиімді және ұтымды екеніне сенімдіміз. Болашақта да осындай ынтымақтастықта боламыз деп сенеміз, - дейді Еуроодақ сарапшысы Милан Мишич. - Қазіргі уақытта тұрақты даму мен өмір сүру деңгейін жақсарту маңызды. Бұл, әсіресе, дамушы елдерге өте маңызды. Біздің біліміміз аталмыш дамуға ден қоюға көмектеседі деген сенімдеміз.

3 жыл ішінде әртүрлі тақырыпта 35 тренинг өткізіліп, Шығыс Қазақстан облысынан 712 тыңдаушы қатысты. Дәріс оқуға Сербия, Греция, Македония, Болгария және Германия елдерінің мамандары келген.
Следующая →