Усть-Каменогорск
ясно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Нур-Султан (Астана)
    +20°
  • Актобе
    +21°
  • Форт-Шевченко
    +21°
  • Атырау
    +22°
  • Караганда
    +16°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +20°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Қай әкім қызметінен төмендетілуі мүмкін?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті басшысының төрағалығымен өткен әдеп кеңесі барысында облыстағы екі ауыл әкімін қызметтерінен төмендету туралы шешім шығарылды.

Өйткені Бородулиха ауылдық округі мен Зырян қаласының әкімдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік іс жөніндегі заңын бұзған.

Әдеп кеңесі барысында белгілі болғандай, Бородулиха ауылдық округінің тұрғыны өзінің жеке жер телімінде автожуу орнын салмақшы болған. Алайда белгісіз себептерге байланысты округ әкімі Мұрат Аргумбаев жергілікті кәсіпкердің ісіне кедергі келтіріп, тіпті сотқа берген. Бірақ сот шешімі әкім пайдасына шешілмеген.

- Әдеп жөніндегі кеңестің шешімі бойынша Бородулиха ауданының әкіміне Бородулиха ауылдық округінің әкімі Мұрат Аргумбаев пен ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Бейсенғали Маймақовты мемлекеттік қызмет тәртібін бұзғаны үшін қызметтерінен төмендету түріндегі тәртіптік жауапқа тартуды ұсынады, - деп шешім шығарды Әдеп кеңесінің төрағасы Бахтияр Камалов.

Сонымен қатар, кеңес барысында Зырян қаласының әкімі Аркадий Исаевқа қатысты тәртіптік іс қаралды. Әкім заң бойынша жер телімін барлық бизнесмендердің қатысуымен аукцион арқылы сатудың орнына жергілікті кәсіпкерге бере салған. Яғни, қала орталығындағы жер телімін наубайшыға жалға берген. Ол бұл әрекетін наубайшының басқалармен салыстырғанда нан бағасы 5 теңгеге арзанырақ екендігімен ақтап алмақ болған. Алайда Әдеп кеңесі Зырян қаласы әкімінің бұл әрекетін заңсыз деп тауып, аудан әкіміне оны тәртіптік жауапқа тартуға ұсыныс білдірді.


Назерке Кәрімова

Следующая →