Усть-Каменогорск
ясно
+17°
  • Усть-Каменогорск
    +17°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +20°
  • Актобе
    +24°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +24°
  • Караганда
    +19°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +21°
  • Кызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +19°
  • Уральск
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
446.49
-0.91
475.38
-2.17
¥
61.66
-0.15
4.79
+0.03
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Қазақстан Президентінің өкілеттіктер саны азаяды

Мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті

Мемлекет басшысы Қазақстан Президентінің ерекше құзырына жатқызылған өкілеттіліктер санының азаятынына назар аударды.

- Конституция мен заңдарды қарап шығу мәселесін қойған болатынмын. 25 жылдың ішінде Конституцияда бар қағидаларды орындап, осындай жетістіктерге жеттік. Енді әрі қарай жылжу, 5 мемлекеттің мен айтқан қадамы бар. Оның ішінде бесінші айтқан жүйеде ашық үкімет демократияландыру деген мәселесі бар, - деді Елбасы. - Сондықтан қазіргі жағдайда қарап, президенттің өзіне алған бірнеше өкілеттігін Үкіметке қарай жылжыту мәселесін қарауымыз керек.

Осы орайда мемлекет басшысы құзырлы органдарға тиісті тапсырмалар берді. Ендігі жолда көзделген мақсаттар мен міндеттер мүлтіксіз орындалар болса, үкіметтің арқалар жүгі ауырлай түсетіні анық.

- Өте көп мәселелер. Басқы кезде қиын кезде керек болған шығар. Тікелей жүйе керек болды. Тәртіп керек болды. Айтқанда шешімдерді орындау керек болды. Ол кезде сондай өте нақты тығыз президенттік жүйе болды. Қазіргі уақытта ептеп қарап, сол өкілеттіктерді Үкіметке Парламентке Президентке бөлу мәселесін қарау керек. Бұл уақыты жеткен мәселе деп санаймын. Оның үстіне президенттік жүйе қала береді. Біз оны жояйық деп отырғанымыз жоқ. Ол Қазақстан үшін өте қажет, - деді мемлекет басшысы.

Айта кету керек, кейбір БАҚ өкілдері қанша өкілеттіліктер үкімет тарапына өтетінін бүгінгі күні нақтылауда. Яғни, президенттің ерекше құзырына жатқызылатын 45 өкілеттіліктердің отызы үкіметке өтеді.

Дос Сапар
Следующая →