Усть-Каменогорск
пасмурно
+11°
  • Усть-Каменогорск
    +11°
  • Алматы
    +12°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +15°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +8°
  • Кокшетау
    +10°
  • Костанай
    +12°
  • Кызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +11°
  • Уральск
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.89
+0.08
477.93
+1.11
¥
62.02
+0.02
4.76
-0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Биылғы аттестацияның ерекшеліктері қандай?

«Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заң қабылданған соң, мемлекеттік қызметкерлерге арналған кешенді аттестациялау қаралған

Осыған байланысты Елбасы «Б» корпусындағы әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерге аттестация өткізу туралы» қаулыға қол қойған болатын.
Бұл нұсқаға келесі қызмет түрлерін атқаратын тұлғалар кіреді: орталық деңгейде – мекемелер мен министрліктер департаментінің мамандары мен директорларына дейін, облыстық деңгейде – жергілікті және территориалды атқарушы органдардың мамандары мен жетекшілеріне дейін, аудандық деңгейде – ауылдық әкімдіктің жетекші мамандарынан аудан әкімінің орынбасарларына дейін, мамандардан территориалды органдардың жетекшілеріне дейін.
- Мұнымен қоса Елбасының актісі бойынша аттестациядан босатылатын тұлғалардың тізімі көрсетілген, - дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің ШҚО бойынша департаменті басшысы Бахтияр Камалов. - Оларға: декреттік демалыстағы жүкті әйелдер, 3 жасқа дейінгі балалары бар әйелдер, 14 жасқа дейінгі бала асырап отырған жалғызбасты аналар мен әкелер. Жалғызбасты аналарға тұрмыста болған, болмағанына қарамастан балаларын әкесіз асырап отырғандарды жатқызу керек.
Сонымен қатар зейнеткерлік жасқа таяп қалған  қызметкерлер, «А» корпусының кадрлық қорында тұрғандар, мемлекеттік қызметке жаңа кіргендер мен алты айдан кем қызмет атқарғандар аттестациядан өтпейді.
Үзілістен кейін барып мемлекеттік қызметке орналасқан тұлғалар жұмысқа кірген уақытына қарамастан жалпы негізде аттестациядан өтеді.
Аттестациядан босатылатындар ресми мекемелер ұсынатын құжаттармен расталады.
Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүріп жатыр, бастапқы кезең 1 ақпанда басталып, 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.
- Жаңа аттестациялау, бұрынғыдай заңнамалық білімге емес, тәжірибелі дайындық деңгейіне және қызметкерлердің ары қарай даму әлеуетіне негізделген, - дейді Бахтияр Камалов. - Бұл халыққа қызмет ету қағидалары мен заманауи қоғам сұраныстарына толыққанды жауап беретін мемлекеттік аппарат қалыптастыру үшін қажет.
Аттестацияның мұнымен қоса үш деңгейі болады.
Бірінші деңгей - жоғарғы аттестациялық комиссия. Бұған «Б» корпусының жоғары басқару буыны өткен қызметкерлер жатады.
Оларға министрлік департаменттерінің директорлары, облыстық басқарма жетекшілері, сонымен қатар Президент Әкімшілігінің және Премьер-Министр канцеляриясының қызметкерлері кіреді.
Екінші деңгейде – облыстық әкімдік пен министрліктің аттестациялық комиссиясы аталмыш мемлекеттік органдар қызметкерлері мен ауылдық округ әкімдіктерімен сұхбат өткізеді.
Үшінші деңгей – аудандық комиссия, мұдағы сұхбат аудандық және ауылдық буындағы мемлекеттік орган қызметкерлерімен жүреді.
- Аттестация кезеңінде мемлекеттік қызметке орналасу мораториі болмайды, - дейді Бахтияр Камалов. - Қызметкерлердің ішінара ауысу жайттары да орын алуы мүмкін, бұл тек аттестациядан кейін жүреді. Ал уақытша қызметтегі жұмысшылары конкурстарға аттестация шешімдерін күтпей-ақ қатыса алады.
- ШҚО бойынша аттестацияға қатысатын, қатыспайтын адамдар туралы нақты көрсеткіштер мен есептер қазір жүргізіліп жатыр. Бүгін біз бір санды атауымыз мүмкін, бірақ ол өте құбылмалы болғандықтан нақты осынша адам қатысады, не қатыспайды деп айта алмаймыз, - дейді департамент басшысы.
Аттестацияның өзі үш кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде басқарма ұжымы қызметкер туралы бағалау парағын толтырады. Бұл парақта оның ұжымдық ақпараттары, мадақтаулары туралы, жазалары, бағалау нәтижелері, жетекшінің тікелей мінездемесі көрсетіледі.
Екінші кезеңде жеке құзіретін бағалау тестін тапсырады.
Бұл Агенттік пен территориялды бөлімдердің тестілеу залдарында ұйымдастырылады.
Үшінші кезеңде аттестация комиссиясының мүшелері алдыңғы нәтижелерге сүйене отырып қызметкермен сұхбат жүргізеді.

Айдос Мырзахметов
Следующая →