Усть-Каменогорск
ясно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Нур-Султан (Астана)
    +20°
  • Актобе
    +21°
  • Форт-Шевченко
    +21°
  • Атырау
    +22°
  • Караганда
    +16°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +20°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Әділет депатраментінде жаңа басшы

Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментіне Тұрлыханова Гүлмира Болатқызы басшылық қызметке келді

Ал 2012 жылдан бері бұл орында отырған Асхат Оразхан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысының бұйрығымен Жамбыл облысының Әділет департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Жаңа басшы 2016 жылды қорытындылап, Әділет департаментінің атқару өндірісі саласындағы қызметінің нәтижесі төңірегінде кездесу өткізді.

- Бүгінгі таңда облысымызда 89 мемлекеттік және 86 жеке сот орындаушылар қызмет етуде, - дейді ШҚО Әділет департаментінің басшысы, - дейді Гүлмира Тұрлыханова. – Егер 2016 жылы мемлекеттік сот орындаушылар 35,7 млрд теңгені құрайтын 69407 атқару құжаттарын қараған болса, жеке сот орындаушылар 175,5 млрд теңгені қамтитын 96633 құжат қарады.

Сот орындаушылары қарауындағы құжаттардың басым көпшілі алименттік төлем өндіру ісіне қатысты. Қазіргі таңда осындай 16278 іс қарауда жатыр. Сот актілерінің орындалмауына көп жағдайда борышкердің тұрақты жұмыс орны мен табыс көзінің, тәркілейтін мүлкінің болмауы себеп болып отыр.

- Осыған байланысты әділет департаменті жергілікті атқарушы органдар мен әлеуметтік бағдарламалар бойынша жұмыспен қамту бөлімдері арқылы борышкерді жұмыспен қамту жұмыстарын жүргізеді.Тіпті, борышкерлердің арасында табыс көзін жасырып, өз жауапкершіліген қашатындар да бар. Оларға қатаң түрде әкімшілік және қылмыстық жаза тағайындалады, - деп атап өтті Гүлмира Болатқызы.

Айта кетейік, мекеме пркуратура қызметкерлерімен бірлесе отырып дәстүрлі түрде «Әке, алимент төлеші», «Балаларыңды ойла» акцияларын өткізіп отырады. Биыл да аталмыш акциялар белсенді түрде жүргізілетін болады.

Назерке Кәрімова

Следующая →