Telegram

/ Президент жариялаған рақымшылыққа кімдер ілігеді?

Президент жариялаған рақымшылыққа кімдер ілігеді?

Шығыс Қазақстан облысында «Рақымшылық жасау» Заңына сәйкес пробация қызметі 1 000-ға жуық адамды босатуы мүмкін
22 декабря 2016 года, 13:07 988
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Президент жариялаған рақымшылыққа кімдер ілігеді?
Источник: © Алдасан Фото: © god2015.com
2016 жылдың 13 желтоқсанында Елбасы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты «Рақымшылық жасау» Заңына жария түрде қол қойды. Бұл заңға сәйкес еліміз бойынша шамамен 28 мыңға жуық адам рақымшылыққа ілігуі мүмкін. Бұл туралы Президентіміз заңға қол қою барысында айтып өтті.

- Рақымшылық заңына сәйкес қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдар жазадан босатылып, рақымшылыққа ілігеді. Сонымен қатар бұл тізімге ауырлығы орташа қылмыстар үшiн сотталған адамдар, яғни, кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, кәмелетке толмаған балалары немесе мүгедек балалары бар әйелдер, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалардың жалғыз ата-анасы болып табылатын ер адамдар, I, ІІ және IIІ топтардағы мүгедектер, елу жастағы және ол жастан асқан әйелдер, алпыс жастағы және ол жастан асқан ер адамдар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар, әскери және (немесе) интернационалдық борышын орындау кезiнде қаза тапқан әскери қызметшiлердiң жесiрлерi, сондай-ақ күйеулерi соғыс мүгедектерi және оларға теңестiрiлген адамдар болып табылатын әйелдер жазадан босатылады, - деп түсіндірді ШҚО бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің Өскемен қалалық пробация қызметі бөлімінің бастығы, әділет капитаны Ернар Ильяшев.

Пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталғандарды 7 топқа бөлініп қарастырады. Олардың ішінде шартты сотталған, бас бостандығы шектелгендер, түзеу, қоғамдық жұмыстарына сотталғандар жәнет тағы басқалары кіреді. Яғни, жазаларын бостандықта өтеп жүргендер.

- Шығыс Қазақстан облыстық пробация қызметіндегі жаза өтеушілердің 976-сы рақымшылыққа ие болады деп жоспарлап отырмыз. Олардың ішінде 292 ауыр емес қылмыс жасағандар, 684 орташа қылмыс жасағандар. Ал жалпы рақымшылыққа ие болатындардың ішінде 64-і әйел, 9-ы жасөспірімдер, 11-і І, ІІ, ІІІ санаттағы мүгедектер, ал қалғандары теріс қылық жасағандар, - деді ШҚО бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің Өскемен қалалық пробация қызметі бөлімінің бастығы, әділет капитаны Ернар Ильяшев.

Рақымшылыққа ілігетіндердің ішінде пробация қызметі және түзету мекемелерінен босату ғана емес, жазасын өтеу мерзімін қысқартатындар да кіреді.

- Соңғы рет рақымшылық ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына жасалған еді. Биыл рақымшылық қылмыстық атқару жүйесінің түзету мекемелері мен пробация

қызметінде жаза өтеушілерді босатуды ғана емес, ауыр қылмыс жасағандардың жазасын қысқартуды көздейді. Бірақ мұнда да барлығы қысқартылмайды белгілі талаптарға байланысты іріктеліп алынады, - деп атап өтті Ернар Тоқтаубекұлы.

Рақымшылыққа пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталғандардан бөлек, түзету мекемелерінде жаза өтеушілер ілігеді.

Айта кету керек, елімізде «Рақымшылық жасау туралы» Заң 8 рет қабылданды.

Ақерке Ақылбекқызы

Загрузка...

Получайте уведомления от Устинка Live