Яғни, келер жылы қала жолдарын тазарту жұмыстарына қалың жауған қарды ескере отырып 500 млн теңге қарастырылған. Айта кетейік, 2016 жылы бұл мақсатқа небары 200 млн теңге бөлінген.
Өскемен қаласы әкімі орынбасарының айтуынша сома 20 пайызға артқан.
- 2016 жылы қысқы жол тазарту жұмыстарына алдыңғы жылмен салыстырғанда аз қаржы бөлінген. Яғни, 2015 жылы 300 млн теңге бөлінсе, 2016 жылы 200 млн теңгеге дейін қысқартылды, - дейді Арман Искаков. - «Қазметеорталықтың» болжамынша қыстың қытымыр мінезі наурыз айына дейін сақталуы мүмкін. Сондықтан да енді қыстың қандай болмағын көре отырып, қысқы жұмыстарға 500 млн теңгенің шамасында қаржы бөлуді жоспарлап отырмыз. Бұл биылғы жылғы қаржыдан 20 пайызға артық.
Жарты миллиард теңге қаладағы жолдарды қысқы тазарту жұмыстарына жету керектігін алға тартады билік өкілдері. Жалпы, келер жылғы қала шығыны облыстық және республикалық қазынаның трансферттерінсіз есептегенде 16, 5 млрд теңгені құрайды.
Ерке Мұхаметкәрім

Теги:
Подпишись на рассылку лучших статей от Устинка Live. Без спама.
Загрузка...