Telegram

Іскер әйелдердің кездесуі өтті

Шығыс Қазақстан облысында жүзден аса іскер әйелдер жиналып, әйелдердің кәсіпкерлігіне қатысты мәселелерді талқылады
08 декабря 2016 года, 09:19 1065
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Іскер әйелдердің кездесуі өтті
Источник: © Алдасан Фото: © В. Ливериновтікі
Бизнес саласында өздерінің кәсібін дөңгелетіп жүрген әйелдер арнайы көрмеде өз өнімдерін көпшіліктің назарына ұсынса, дөңгелек үстел барысында кәсіпкерлікті дамытудың қыры мен сырын талқылады.

- Қай салада болмасын адам қарапайым маманнан білікті маманға дейінгі жолды жүріп өтеді. Бұл жолда өз тәжірибесін жинақтап, біреудің тәжірибесінен де үйренеді. Сондықтан көрмеміздің мақсаты - әйелдер арасындағы кәсіби белсенділікті арттыру. Кәсіпкер әйелдердің басын қосу арқылы оларға бір-бірімен ақылдасуға жағдай жасау, - деп атап өтті ұйымдастырушысы Жансая Советжан.

Іскер әйелдердің кездесуіне жиналған әйелдердің кейбірі өздерінің туындыларын арнайы көрмеге шығарды. Тәттілерден гүл шоғын жасап, той-томалақтарды безендірумен айналысатын Үміт Карибаева дөңгелек үстелге жаңашылдықтарды іздеп келгенін жасырмады.

- Ең бірінші мақсатым өз ісімді дамыту үшін қандай жаңа мүмкіндіктер барын білу. Екіншіден өзім сияқты қолөнер шеберлерінің туындыларымен танысып, өзімнің кәсібімді жан-жақты дамыту, - дейді Үміт Карибаева.

Дөңгелек үстелге жиналғандардың қатарында аспаздар да, қолөнершілер де, саудагер де, кәсіпкерлер де бар. Ұйымдастырушылар олардың жұмыстарын нәтижелі ете түсу мақсатында дөңгелек үстелге банктердің, «Даму» қорының мүшелері қатысып, әйелдерге кәсіптерін дамытуға бар мүмкіндіктер жайлы баяндады.

Ақерке Ақылбекқызы

Загрузка...

Получайте уведомления от Устинка Live