Telegram

/ Спорт бөлімінің басшылары сынға ілікті

Спорт бөлімінің басшылары сынға ілікті

Облыс әкімдігінде ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының жаңа басшысы Асқар Можановтың төрағалығымен коллегия өтті
25 ноября 2016 года, 07:25 853
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Спорт бөлімінің басшылары сынға ілікті
Источник: © Алдасан Фото: © В. Ливериновтікі
Асқар Байжігітұлының жаңа қызметіне орналасқанына бір айдан асса да өңіріміздің спорт саласын жандандыруға ең батыл шешімдер қабылдауды қолға алды.

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ШҚО аудандары мен қалаларындағы спортты дамытуға жауапты ұйымдар мен спорт бөлімдерінің басшылары қатаң сынға ілікті. Бұл бағдарлама - коммуналды шаруашылық пен инфрақұрылымды дамыту арқылы жұмыспен қамтуды көздейтін бағдарлама.

- Ағымдағы жылы жол картасы бойынша барлығы 4 нысана ғана бар. Мұны айту да ұят. Бағдарлама сендерге қаражат бөледі, сендер тіпті ағымдағы жөндеу жұмыстарын да жүргізе алмай отырсыңдар. Құжаттар тиянақты толтырылмайды. Мысалы, жол картасы бағдарламасы жарық лампаларын ауыстыруды қарастырмайды. Директорлардың бірі жарықтандыру жүйесін қайта құруға: «жарық лампаларын ауыстыру» деп жазып қойған. Бағдарламаға барынша тиянақты қарауларыңызды сұраймын. Барлық нысандар толыққанды жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Бұл бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар мүлдем нашар, - деді спорт басшысы Асқар Можанов.

Биылғы жылы қыстың ерте түсуіне орай, коллегияда Шығыс Қазақстан облысындағы қысқы спорт түрлеріне дайындық туралы кең талқыланды. Қысқы спорт түрлеріне дайындық жағынан Зырян қаласы алдыңғы қатарда тұр. Мұнда 17 шаңғы жолы ашылатын болды. Оның 7-еуі қазір жұмыс істеп тұр. 14 қорап, 2 сырғанақ және мектептердің жанынан 40 алаң ашылатын болды. 100 адамға арналған хоккей модулі жұмысын бастады және мектептерде спорт сыныптары ашылып үлгерген. Сонымен қатар шаңғы мен конькилерді жалға беретін орындар да жұмысын бастап кеткен.

Ал Семей өңірінде бұл шаралар бәсең жүріп келеді. Сырғанақтар әлі құйылмаған көрінеді.

- Бірінші желтоқсанға дейін тым ұзақ болады, - деді Асқар Байжігітұлы Семей өңірлік спорт бөлімінің басшысына. - Қыстың ерте келгенін есепке алатын болсақ, бір апта сіздерге де толықтай жеткілікті болады.

Айта кету керек, Риддер қаласындағы «Сокол» стадионында сырғанақ дайын тұр. Сонымен қатар 2,1 және 3 км шақырымдағы шаңғы жолы да ашық. Қала басшылығы хоккей қораптарын салуда. Сонымен қатар мектеп командаларын киіндіру үшін 4 млн теңгеге хоккей жарақтарын сатып алу жоспарланған.

Дос Сапар

Загрузка...

Получайте уведомления от Устинка Live