/ Сотқа онлайн арыз беруге болады
/ Рекламные блоки

Сотқа онлайн арыз беруге болады

Республика соттарының VII съезі қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық сотының ақпараттық сервистермен таныстыру баспасөз туры өтті
25 ноября 2016 года, 07:03 1424
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Сотқа онлайн арыз беруге болады
Источник: © Алдасан Фото: © В. Ливериновтікі
Журналистермен кездесу барысында БАҚ қызметін үйлестіруші сот Ераман Утешев қойылған мақсаттарды жүзеге асыру мақсатында ҚР Жоғарғы сотымен «Сот кабинеті» электронды ақпараттық жүйесінің құрылғанын атап өтті.

Кез келген шағымдар мен талаптық арыздарды ғаламтор арқылы беруге болады. Қазіргі таңда 58000 арыздың 8 пайызы электронды түрде беріледі.

- Шыны керек, 2 жыл бұрын мұндай жүйенің болатынын да білмеген едік. Қазіргі таңда сот мекемесіне келген адамдар кезекке де тұрмайды, - деді Ераман Утешев. – «Сот кабинеті» қосылғаннан бері қолданушылар оның ыңғайлылығы мен тиімділігіне көз жеткізе алды. Жаңадан енген сервистің жұмысы 98,1%-ы талап арыздары мен 99,9%-ы әкімшілік істер ШҚО облыстық сотына келіп түскен.

Сонымен қатар, қазіргі таңда сот процестері де толыққанды дыбыстық және бейнежазбаға түсіріліп отырады. ШҚО Соты төрағасының міндетін атқарушы Қайрат Чақпантаев мұндай жазбалардың өңірдің барлық сот залында жүргізілетінін атап өтті.

- ҚР Жоғарғы соты қазіргі таңда еліміздің кез келген нүктесінде өтіп жатқан сот процестерін бақылай алады. Мұның барлығы орталықтандырылған. Яғни, барлығы бірден орталық серверге сақталып отырады, - дейді Қайрат Мұратұлы. – Мұның ең басты ерекшелігі сенімге, тәртіпке және тікелей соттың тәртібіне кепіл бола алады. Әрине, мұндай бақылаулар орнатыла бастаған кезде, арнайы жазбалар жүрмейтін кабинеттерге баратындар табылып жатты. Бірақ, уақыт өте келе бұған барлығы үйреніп алды. Қазіргі таңда, мұның тиімді жақтары көп. Мысалы, сот процесіне қатысушылар шалғай өңірден келе алмаған жағдайда, онлайн түрде өткізуге болады. Мұндай тәжірибелер әр кезде сәтті өтіп тұрды.

Журналистермен кездесу барысында медиаторлар жұмыстары да талқыланды. Сот қызметкерлері ағымдағы жылы медиаторлар 7 мыңға жуық істі сотқа дейін аяқтаған. Яғни, екі жақтың ортақ келісімін табу арқылы.

Іс-шара соңында ШҚО бойынша Сот әкімшілігімен «Сот кабинетін» белсенді пайдаланатын заңгерлер, акционерлік қоғам өкілдеріне алғыс хаттар берілді.

Дос Сапар

Загрузка...

Получайте уведомления от Устинка Live