Telegram

/ "Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам" дөңгелек үстелі өтті

"Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам" дөңгелек үстелі өтті

Халықаралық Сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам» атты дөңгелек үстелі өтті
17 ноября 2016 года, 12:06 1116
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - "Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам" дөңгелек үстелі өтті
Источник: © Алдасан Фото: © motor.kz
- Барлық екпін мемлекеттік қызмет көрсетуге бағытталған. Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту жұмыстарына барлық азаматтық қоғамды тарта отырып жұмыстар атқарамыз, - дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Ринат Набиев. – Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықтың түрлері мемлекеттік органдардың үш түрінде жиі кездеседі. Оларға жол полициясы қызметі, білім жүйесі және төтенше жағдайлар қызметі жатады.

Шығыс Қазақстан облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ШҚО бойынша департаменті жедел бөлімінің аса маңызды істер бойынша офицері Ержан Зейнолдин өткен аптада полиция қызметкерінің 70 мың теңге пара алып ұсталғанын мысалға келтіре отырып, қылмыстық істер туралы баяндап өтті.

- Соңғы 11 айдың ішінде облысымызда 87 конституциялық қылмыстық іс тіркелген, - дейді Ержан Зейнолдин. – Жалпы есептің 57,5 пайызын сыбайлас жемқорлық құрайды, 17 пайызы - өзінің қызметтік бабын асыра пайдаланғандар. Барлық іс сотқа жіберілді.

Білім жүйесі де сыбайлас жемқорлықтың шеңберіне іліккен. Әсіресе, жұмыс орнына немесе білім беру сағаттарын бөлу кезінде.

- Қазіргі таңда білім жүйесіне шағым көп түсуде. Біздің департамент мұны назардан тыс қалдыра алмайды. Сондықтан жуықта білім басқармасымен және барлық мектеп директорларымен жиналыс өткізіп, оларға арнайы нұсқаулар көрсеттік, аталмыш тақырып аясындағы бейнежазбаларды тараттық, - дейді Ринат Набиев.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметкерлері сонымен қатар бұл мәселелердің заң аясындағы шешімдерін де талқылады. Олардың айтуынша, жаза шараларын күшейтіп, заңды қаталдандыра түссе, жергілікті халықтың билік тарапына жақтырмаушылық белгісі күшейіп, мамандандырылған кадрлардың төмендеуіне алып келеді.

Көршілес Қытай елінде 2001 жылдан бері өлім жазасына 10 мың шенеунік кесілсе де, мұндай әрекеттер айтарлықтай нәтиже бермеген көрінеді. Сыбайлас жемқорлық статистикасы бойынша Қытай 100-ші орында болса, 2015 жыл қорытындысы бойынша Қазақстан 123-ші орында.

Айдос Мырзахметов

Загрузка...

Получайте уведомления от Устинка Live