Telegram

/ Семейде кәсіпкерлер кеңес алып, кәсіптерін ашуда

Семейде кәсіпкерлер кеңес алып, кәсіптерін ашуда

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жыл басынан бері Семей қаласында 296 жаңа жұмыс орындары ашылса, енді тағы 167 жұмыс орнын ашылмақ
07 октября 2016 года, 06:58 902
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Семейде кәсіпкерлер кеңес алып, кәсіптерін ашуда
Источник: © Алдасан Фото: © nonworkplace.com

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің « Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген. Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.

- «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы іске қосылған кезден бастап, Семей қаласында субсидиялау және несиелерге кепілдік беру бойынша 18,1 млрд теңге сомасына 185 келісімшарт жасалды. Жыл басынан бері 1, 64 млрд теңгені құрайтын 36 келісімшартқа қол қойылды, - деп атап өтті Семей қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Марат Нөгеров.

Жүзеге асырылған 185 жоба өндірістік, ауылшаруашылық, білім, денсаулық, туризм сынды бағыттарды дамыту мақсатыда алынған. Соның арқасында 1 000-нан аса жаңа жұмыс орындары ашылды.

- Тек 2015 жыл мен 2016 жылдың 8 айының ішінде жүзеге асқан жобалардың 8-і білім саласын дамытуға бағытталған. Яғни, қалада балабақша, мектепке дейінгі шағын орталықтар ашылды, - деп атап өтті Марат Мұратбекұлы.

Денсаулық саласына қатысты 3 жоба, көлік және тасымал бағытында 9 жоба, агроөнеркәсіп саласында 5 жоба жүзеге асырылды.

Сонымен қатар, Семей қаласында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы екінші бағыты, яғни, «Өндірістік инфрақұрылымды дамыту» мақсатында 103,0 млн теңге сомасына 4 жоба жүзеге асырылуда. Осы жобалардың барлығын жүзеге асыратын кәсіпкерлер де арнайы біліктіліктерін арттыру курстарынан өтіп, мамандардың кеңесіне жүгінетіні белгілі.

- Кәсіпкерлікті дамыту орталығы «Даму» қоры жалпы 12,6 мың, жыл басынан бері 2,7 мың тұрғынға кеңес берді, - деп түсіндірді Семей қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.

Сондай-ақ, бағдарламаның қаржылай емес қолдау бағыты аясында «Бизнес-кеңесші», «Бизнес кеңесші-2», Назарбаев университеті негізінде «Орта және шағын бизнестің топ-менеджментіне үйрету», «Іскерлік байланыс», «Жас кәсіпкер мектебі» сынды жобаларға семейлік 1384 азамат қатысты. Олардың 232-сі жыл басынан бері өз біліктіліктерін арттыруда.



Амир Қилымбеков


Загрузка...

Получайте уведомления от Устинка Live