Telegram

/ Мемлекеттік қызметкерге арналған тест – ұялы телефонда

Мемлекеттік қызметкерге арналған тест – ұялы телефонда

Облысымызда мемлекеттік қызметкерлерге арналған тестке дайындалатын мобильдік қосымша шығарылды
06 октября 2016 года, 07:25 1060
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Мемлекеттік қызметкерге арналған тест – ұялы телефонда
Источник: © Алдасан Фото: © play.google.com

Енді мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасқысы келген кез-келген азамат өзінің ұялы телефонына бұл қосымшаны жазып алып, тестілеуге дайындала алады.

- Бұл мобильдік қосымша бойынша мемлекеттік қызметшілер тестілеуге дайындалып, заңнамаларды меңгеріп, мемлекеттік қызметке тұру бойынша ақпарат ала алады, - деп хабарлайды ШҚО мемлекеттік қызмет істері Департаментінің баспасөз қызметі.

Мобильдік қосымша «ҚР мемлекеттік қызметі» деп аталады. Оны ШҚО мемлекеттік қызмет істері Департаменті мен Ішкі саясат басқармасының бастамасымен бірлесе отырып әзірленді.

- Ол виртуалдық «Play Market» дүкенінде пайда болды. Бір тәулік ішінде оны 50 адам жүктеп үлгерген. Жақын арада iOS платформасын қолданушылар үшін де қолжетімді болады, - деп толықтырды баспасөз қызметінде.

Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов қосымша барлық үміткерлер үшін қажетті ақпаратты қамтығанын айтты.

Мемлекеттік қызметке тұру және өзге ақпараттарды интернет желісіне қосылмай игеру, қосымшаның бірегейлігін көрсетеді.




Амир Қилымбеков


Загрузка...

Получайте уведомления от Устинка Live