Telegram

/ Ел Үкіметінің құрамы өзгертілді

Ел Үкіметінің құрамы өзгертілді

Елбасы мемлекеттік басқару жүйесіндегі кадрлық және құрылымдық өзгерістер мәселелері жөнінде мәлімдеме жасады
15 сентября 2016 года, 10:45 932
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Ел Үкіметінің құрамы өзгертілді
Источник: © Алдасан Фото: © baq.kz
- Кәрім Мәсімов бірнеше жыл қатарынан үкіметті басқарып, дағдарыс кезінде жұмыс істеген тәжірибелі адам. Сондықтан ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды. Ол жерге де қазір білгір, білімді адам қажет болды. Төңіректегі жағдайдың барлығын білесіздер. Мынау террористік, лаңкестік жағдайларды да көріп отырсыздар. Сондықтан елдің ішін де, сыртын да білетін, тіл білетін адам бізге керек болды. Осының барлығын ескере отырып, мен оның лауазымын ауыстырдым, - деді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің мәлімдемесінде.

Конституцияның талабы бойынша үкіметтің басшысы ауысқан жағдайда, үкімет мүшелері өз қызметтерін тоқтататылып, жаңа мүшелер жинақталады.

Елдің Премьер-министрі болып Бақытжан Сағынтаев тағайындалды. Ол 4 жыл көлемінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары болып қызмет етті. Оның бірінші орынбасары Асқар Мамин болды. Ол бұрындары министр болған және «Қазақстан темір жолы» компаниясын басқарды. Сонымен қатар Премьер-министрдің тағы бір орынбасары болып Иманғали Тасмағамбетов тағайындалды. Ол білім, денсаулық, әлеуметтік бағдарламалар, діни және ақпараттық бағыттарды бақылайтын болады. Мырзахметов аграрлық секторды қадағалайтын Премьер-министрдің орынбасары лауазымында қалды. Қорғаныс министрі болып Сәкен Жасұзақов тағайындалды. Ол соңғы 7 жыл көлемінде қорғаныс саласында орынбасар лауазымында қызмет етті.

Елбасы Әділет министрлігін тіл білетін, дауды оңтайлы шеше алатын адам басқару қажет деп санап, Марат Бекетаевты Әділет министрі деп тағайындады. Ол Президент аппаратының орынбасары болып істеді.

- Осының барлығы елдің игілігі үшін, үкіметтің жұмысы таза, дұрыс болуы үшін, мемлекетті алға қарай жылжыту үшін, экономикамызды түзеп, халықтың әл-ауқатын түзеу үшін жасалып отырған мәселе, - деп атап өтті Елбасы.

Ерке Биғазина

Загрузка...

Получайте уведомления от Устинка Live