/ Әлеуметтік жағдайды жақсартуға «Өрлеу» көмектеседі
/ Рекламные блоки

Әлеуметтік жағдайды жақсартуға «Өрлеу» көмектеседі

«Өрлеу» бағдарламасына қатыса алатын тұрғындар және оларға қажетті құжаттар жайлы ақпаратты ұсынамыз
01 сентября 2016 года, 12:19 1629
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Әлеуметтік жағдайды жақсартуға «Өрлеу» көмектеседі
Источник: © Алдасан Фото: © farmrost.com.ua
Өрлеу жобасының мақсаты – халықтың аз қамтылған санаттарыны4 кедейліктен шығуына мүмкіндік беру.

- «Өрлеу» жобасы кедейліктен шығуына мүмкіндіктері бар, бірақ өз мүмкіндіктерін іске асырудағы кедергілерді еңсеру үшін көмекпен сүйемелдеуге мұқтаж тұрғындар топтарына көмектесуге арналған, - деді ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Самал Мырзабаева.

Жоба шарты ақшалай көмек қолдаудың белсенді түрін ұсына отырып, отбасының қиын өмірлік жағдайды еңсеруге бағытталған әлеуметтік бейімдеу шараларын көздейтін болды. Яғни, отбасы ақшалай көмекпен қоса өзіне жобаға қатысудың шарты болатын міндеттерді алады.

- Келісімшартта жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысу жөніндегі міндеттерді, скринингтік қарап тексеруден өту, әлеуметтік маңызы бар аурулар (маскүнемдік, нашақорлық, туберкулез) болған кезде емделуге бейімділігі, жүктіліктің он екінші аптасына дейін әйелдер консультациясына қою және жүктіліктің барлық кезеңінде қадағалауда болу жөніндегі міндеттерді қамтиды, - деп атап өтті Самал Мырзабаева.

Сонымен қатар, келісімшарт бойынша отбасы қиындықтарды жеңу үшін өзінің әлеуметтік белсенділігін арттыруға міндеттеледі, яғни, жұмысқа тұруы, мамандық алуы, жеке қосалқы шаруашылығынан келетін табыс көзін арттыруы, өзінің еңбек немесе кәсіби шеберлігін пайдалану қажет.

- Шығыс Қазақстан облысында бүгінгі күні аз қамтылған 6105 отбасы, оның ішінде 19713 адам бар. Олардың 1011 отбасы (4509 адам) «Өрлеу» жобасына қатысып отыр, - деп атап өтті ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары.

Жоба аясындағы келісімшарт алты айға жасалады. Алайда егер отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болса, отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаса, жастар практикасын өткен және әлеуметтік жұмыс орнында жұмыспен қамтылған жағдайда, оны қосымша алты айға дейін ұзарту мүмкіндігімен жасалады. Ал шартты ақшалай көмек түрі қайта қаралмайды.

- ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 4 наурыздағы №133 қаулысына сәйкес, отбасының әрбір мүшесіне арналған шартты ақшалай көмек мөлшері отбасының жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 60% арасындағы айырма ретінде айқындалады, - дейді Самал Серікханқызы.

Айта кету керек, «Өрлеу» жобасына әлеуметтік келісімшарттың жағдайларын

орындауға келісімін берген отбасының қатысуға құқықтары бар. Ал жобаға қатысу үшін өтініштерді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне немесе тұрғылықты жері бойынша кент, ауыл, ауылдық округтің әкіміне өтініш жазып, қажетті құжаттарды жинақтап апару қажет.



Өрлеу жобасына қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) орталық атқарушы орган бекітетін нысан бойынша отбасы құрамы туралы мәлімет;

3) отбасы мүшесіне қамқоршылықтың (қорғаншылықтың) белгіленгенін растайтын құжат (қажет жағдайда);

4) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат немесе мекенжай анықтамасы немесе ауылдық округ әкімінің анықтамасы;

5) жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәлімет.

Ақерке Рағызбаева

Загрузка...

Получайте уведомления от Устинка Live