Telegram

/ Қазақстанның ядролық қарудан бас тартқанына – 25 жыл

Қазақстанның ядролық қарудан бас тартқанына – 25 жыл

Жарты ғасырға жуық адам өміріне аса қауіпті ядролық сынақ өткізілген Семей полигонының жабылғанына 25 жыл толды
01 сентября 2016 года, 09:49 1173
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Қазақстанның ядролық қарудан бас тартқанына – 25 жыл
Источник: © Алдасан Фото: © "ШҚО Ақпарат орталығы" АКҚ
Семей полигоны – КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды.

Бастапқыда адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Кейін оларды жер астында жасай бастады. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.

1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын жабу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада-Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Осы уақытқа дейін үнсіз тығылып келген халық бір дауыстан: «Ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын» деп мәлімдеді.

Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая бастаған еді. Халықтың бастамасымен тұңғыш рет КСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды.

Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел аумағы ядросыз аймақ деп жарияланды. 1991 жылдың 28 тамызы күні Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған.

Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды.

1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.

Бейбітшілік акциясы өтті

Семейде сынақ ядролық полигонының жабылуының 25 жылдығына арналған Бейбітшілік акциясы өтті.

Ядролық сынақ құрбандарына арнап Полковничий аралында орнатылған ескерткіш маңына 25 мыңдай адамның жиналуымен өтті. Олардың ішінде Пәкістан, Ресей, Жапония елдерінен келген қонақтар болды.

Бейбіт акцияға қатысқан ШҚО әкімі Даниал Ахметов мемлекеттің жаһандық ядроға қарсы бастамасы халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту бойынша елдің ықпалын көрсететінін атап өтті.

- Халықаралық қоғамдастық әлемдік көшбасшы ретінде танылған Нұрсұлтан

Әбішұлының әрекетін жоғары бағалайды. Шығысқазақстандықтар - ядролық қарусыздану саласындағы бастамалардың ең белсенді жақтастары, өйткені олар бұл қарудың қиратушы қуатын сезінді. Біздің озық ойлы көшбасшымыз Н. Назарбаевтың бейбіт бастамалары мен «Әлем. XXI ғасыр» манифесінде айтылған бейбіт даму қағидаттары барлық елде кеңінен қолдау табатынына сенімдімін, - деп атап өтті өңір басшысы Даниал Кенжетайұлы.

«Ядролық қарусыз әлем қалыптастыру»

Семей ядролық полигонының жабылғанына 25 жыл толуына орай өткен конференция жұмысына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, дипломатиялық корпустың, ғылым мен білім саласының өкілдері, көрнекті қоғам қайраткерлері, сондай-ақ әлемнің 50-ден астам елінен шетелдік қонақтар қатысты.

Қазақстан Президенті 1991 жылғы 29 тамызда еліміз үшін де, бүкіл әлем үшін де тарихи маңызды оқиға болғанын атап өтті.

– Ширек ғасыр бұрын біздің жеріміз бен халқымызға 40 жылдай азап тартқызған милитаризмнің ең сұрапыл сынағы заңды түрде тоқтатылды. Біздің шешімімізден кейін барлық жетекші ядролық державалардың полигондарының үні шықпай қалды, алайда олардың ешқайсысы әлі күнге дейін жабылған жоқ. Қазақстан – мұндай қадамға барған алғашқы ел. Біздің халқымыздың қалауы солай болды. Бұл оқиғаның барша әлем үшін маңыздылығы осында, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті ширек ғасыр ішінде біздің республикамыз бейбітшілікке, ядролық қарудан азат болуға бастайтын тиімді модельді қалыптастыра алғанын айтып, оны барлық елде қолдану жөнінде ұсыныс жасады.

Мемлекет басшысы ядролық қару арқылы өзін-өзі жою қаупін азайтуға және бейбітшілікті бірте-бірте демилитаризациялауға бағытталған бірқатар ұсыныстарды айта келіп, мұның халықаралық қарым-қатынаста терең ментальді өзгерістерді, көптарапты жаңа саяси шешімдерді, жоғары деңгейдегі сенімді қажет ететіне назар аударды.

Ерке Биғазина

Загрузка...

Получайте уведомления от Устинка Live