Telegram

/ Жер жағдайы 5 жылдан соң белгілі болмақ

Жер жағдайы 5 жылдан соң белгілі болмақ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жер реформасы жөніндегі мараторийді 5 жылға ұзартты
26 августа 2016 года, 07:07 1038
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Жер жағдайы 5 жылдан соң белгілі болмақ
Источник: © Алдасан Фото: © stan.kz
Елбасының төрағалығымен елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және Жер реформасы жөніндегі комиссияның қызметі туралы кеңес өтті.

Премьер-министрдің орынбасары, Ауылшаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған комиссия Астанада, сондай-ақ бірқатар өңірде жұртшылықтың қатысуымен көшпелі отырыс өткізгенін айтты.

– Азаматтардың арыз-шағымдары үшін арнаулы сайт ашылып, call-орталықтар құрылды, бүгінде оларға 13 мыңнан астам телефон қоңырауы түскен. Түсіндіру жұмыстары барысында жұртшылықты барынша кеңірек қамту үшін әкімдіктер жанындағы қоғамдық кеңестер іске тартылды, халықтың 67 мың өкілімен кездесу өтті, – деді Асқар Мырзахметов.

Іс-шара барысында Жер реформасы жөніндегі комиссияның жұмыс қорытындылары талқыланып, жер заңнамасының өзгерістеріне мораторийді 5 жылға ұзарту туралы шешім қабылданды.

– Жер кодексінің бірқатар нормаларына мораторий енгізілген кезден бастап комиссия маңызды жұмыс жүргізді, елдің барлық өңірінде кеңес өткізіп, азаматтардың пікірін тыңдады. Жұмыс барысында олар жақсы ұсыныстар айтты, атап айтқанда, жалға беретін телімдердің шекті көлемін, жерді пайдалану тәсілдері мен оны тиімсіз пайдаланған жағдайда қабылданатын шараларды анықтау туралы ұсыныстар енгізілді. Осылайша, бәрі жерді 49 жылға дейін жалға беру институтын сақтау қажет деген ортақ шешімге келді. Сонымен бірге, әлемдік тәжірибені тағы да зерттеп, қосымша уақыт қажет екені туралы тұрғындарға біліктілікпен түсіндіру керек. Сондықтан комиссияның мораторийді тағы 5 жылға ұзарту туралы ұсынысын қабылдаймын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Асқар Мырзахметов комиссияның негізгі ұсыныстары, соның ішінде ауылшаруашылығы жерін жалға беру институтын сақтап, одан әрі дамыту, жалға берілетін жер телімдерінің шекті көлемін белгілеу қажеттігі жөнінде де айтты. Халықтың жайылымдар мен шабындық жерлерге қатысты мүддесі мен талаптарын ескеру керектігі, жеке тұрғын үй салу үшін жер берудің нақты ережелері мен тетіктерін анықтау қажеттігі аталып өтті.

Ерке Биғазина

Загрузка...

Получайте уведомления от Устинка Live