Telegram

/ Құқықтық мемлекет құру – жастардың қолында

Құқықтық мемлекет құру – жастардың қолында

«Конституция – құқықтық мемлекет құруға негіз болған Қазақстан халқының тарихи таңдауы» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
26 августа 2016 года, 05:36 1047
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Құқықтық мемлекет құру – жастардың қолында
Источник: © Алдасан Фото: © автордікі
ҚР Конституциясы – Қазақстанның Негізгі Заңы. Ол 1995 жылдың 30 тамызында халықаралық референдумда қабылданған болатын. Конференцияның негізгі аясы да келе жатқан Конституция күнінің 22 жылдық мерекесіне арналды.

Конференция барысында Конституциямыздың маңызы, тарихы және құқықтық мемлекет құруға негіз болатын әлеуметтік қоғамның жан-жақты аспектілерін қамтыды. Айтар болсақ, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ әлеуметтік ғылымдарының кандидаты, адам дамуындағы проблемалар және философия кафедрасының доценті Элеонора Столярованың «Қазақстандық жастардың құқықтық мемлекеттің құрылуы жағдайында әлеуметтенуі» атты баяндамасы қызу талқыланды.

Шыны керек, құқықтық мемлекет құрудың негізі ретінде қабылдаған Конституциямыздың отандық жас буынға көрсетіп отырған бағыт-бағдары, санасына жеткізу тақырыбының талқысы қатысушыларды ұйытып тыңдатты. Жастар жолы ҚР-ның болашаққа қойған мақсат-мүддесімен байланысып, саралануы шынымен қуаныш ұялатады екен.

- Біз мемлекеттік дамудың кіреберісінен негізін салған Конституцияның үлкен маңызы туралы айтамыз. Бірақ, оның негізін салу мен дамуының бір дүние емес екендігін түсінуіміз керек. Оны жүзеге асыру жолдары бүгінгі ұрпақтың еншісінде. Анық айтсақ, аталмыш Конституцияның даму барысы өскен ұрпақтың қолында. Бұл жаңа буынның тұлғалық қабілетінде, мүмкін біздің бойымызда жоқ қасиеттер болуын талап етеді, - дейді Элеонора Столярова.

Конференция соңында, ҚР-ның Конституция күніне орай, мемлекеттік қызмет саласын нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру жолында қызмет еткен Ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі облыс прокурорының аға көмекшісі Руслан Мурсалимов, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының ШҚО Өскемен өңірі бойынша өкіл имамы Ермек Мұқатай, ШҚО бойынша Соттар әкімшісі құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бас маманы Азат Ибрагимов және т.б. ресми құттықтау грамоталарымен марапатталды.

Айдос Мырзахметов

Загрузка...

Новости по теме

Получайте уведомления от Устинка Live