Telegram

/ Павлодар облысының әкімі Энергетика министрі болып тағайындалды

Павлодар облысының әкімі Энергетика министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы бойынша Қанат Бозымбаев Павлодар облысы әкімі орнынан босатылып, Энергетика министрі болып тағайындалды
27 марта 2016 года, 06:48 3889
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Павлодар облысының әкімі Энергетика  министрі болып тағайындалды
Источник: © ktk.kz Фото: © vesti.kz
Мәжіліс қана жаңарып қоймай, атқарушы билікте де ауыс-түйіс басталды. Бүгін президент өз жарлығымен Энергетика министрі Владимир Школьникті отставкаға жіберді, деп хабарлады «КТК телеарнасының сайты». 

Саясатта бұрыннан жүрген 67 жастағы Школьник ресми түрде әзірге жұмыссыз. Зейнет жасына жеткен Школьниктің жайлы орынтағы ұзақ бос қалған жоқ. Президент Энергетика министрі етіп Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаевты тағайындады. Бұл министрлік Бозымбаевқа таңсық емес, кезінде саяси карьерасы осы жерден басталған. Ал Кереку өңірін Болат Бақауов басқаратын болды. Ол бұған дейін Павлодар қаласының әкімі болған. Сөйтіп, премьер-министр Кәрім Мәсімовтың өзі барып Бозымбаевты Астанаға ертіп әкетті. Жергілікті жұртпен қимай қоштасқан Бозымбаев болса, біраз ағынан жарылды.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі: 

-Павлодарлықтар ешқашан артыңнан сөз айтып жамандамайтын халық. Жергілікті жұрттың жауапкершілігі және іскерлік қасиеттілігі мол. Екі жылда алға қойған мақсат міндеттер толығымен орындалмаса да біраз жұмысты бірге атқардық.

Загрузка...

Получайте уведомления от Устинка Live