Telegram

/ Смартфон телефондарына шектеу қойылды

Смартфон телефондарына шектеу қойылды

Бұдан былай шенеуніктерге WhatsApp желісі арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасасуға және әлеуметтік желілерде отыруға қатаң тыйым салынады
25 марта 2016 года, 08:03 6104
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Смартфон телефондарына шектеу қойылды
Источник: © Алдасан Фото: © businesspskov.ru
1 сәуірден бастап елімізде мемлекеттік қызметкерлер үшін смартфондардың қолданысына тыйым салынбақ. Енді әрбір мемлекеттік қызметкер ғимаратқа кірер алдында өздерінің смартфон телефондары мен планшеттерін арнайы сақтау қоймасына тапсыруға міндетті. Ал жұмыс уақытында байланыс жасау үшін интернет модульдері мен фотоаппараттары жабдықталмаған қарапайым қалтателефонын қолдана алады.

Мұндай тыйым салудың түрі ішкі істер органдарында, ҰҚК және бұрынғы қаржы полициясында қолданылған. Ал қазір басқа да мемлекеттік органдарға жетіп отыр.

- Маңызды ішкі құжаттар мен ресми хаттардың ғаламтор желілерінде белең алуына байланысты мультимедиялық мүмкіндіктері бар смартфондарды пайдалануға тыйым салынып отыр. Мен жас қызметкерлер мемлекеттік ақпараттардың жалпы пайдалануға арналмағанын түсінсе екен деймін, - деді Мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары Қайрат Сапарғалиев.

Расында қызметтік ақпараттар ұялы телефон арқылы бүкіләлемдік торға таратылуда. Соның салдарынан құпия сақталуға тиіс мемлекеттік ақпараттар, баршаға мәлім болып отыр.

-Бұл шектеудің ешқандай қорқыныштысы жоқ деп ойлаймын. Әрбір мемлекеттік органда, кілттелетін жәшікшелер болады. Таңертең смартфондарын қалдырып кетеді де, кешке жұмыстан шыққанда қайта ала алады, - деді Қайрат Сапарғалиев.

Басқарма басшысының орынбасары соңғы бес жылда тек қарапайым ұялы телефонын қолданған. Сондықтан ол шенеуніктерді күнделікті әдетінен арылып, жұмыс уақытында бір-біріне лайк басқанның орнына, міндеттелетін тапсырмаларды орындауға шақырады.

Загрузка...

Новости по теме

Получайте уведомления от Устинка Live