Усть-Каменогорск
ясно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Нур-Султан (Астана)
    +20°
  • Актобе
    +21°
  • Форт-Шевченко
    +21°
  • Атырау
    +22°
  • Караганда
    +16°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +20°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Елде азық-түлік бағасы қымбаттады

Елдің статистика комитеті наурыз айындағы азық-түлік бағаларының қалай өзгергендігін хабарлады

Ал биыл наурыздағы азық-түлік бағасы былтырғы жылдың наурызымен салыстырғанда 5,5 пайызға қымбаттаған екен. 

Бір жылдың ішінде ішімдік, сүт, ұн, жеміс-жидек, шай сынды тауарлардың бағасы көбірек қымбаттаған. Яғни, ішімдік бағасы 10 пайызға, сүт 9,7 пайызға, ет 8,5 пайызға, жеміс-жидек 6,3 пайызға, кофе мен шай 4 пайызға өскен. Егер былтыр шикі сүттің литрі 180 теңге болса, биыл ол 200 теңгеге дейін жеткен, алманың келісі 340 теңгеден 405 теңгеге дейін, сары майдың келісі 1815 теңгеден 1970 теңгеге дейін қымбаттаған. 
  
Бір жылда арзандаған тауарлар да бар екен. Мәселен, қант 15,1 пайызға арзандаса, қарақұмық, тары мен сұлы жармасы 19,1 пайызға дейін арзандаған. Былтыр қанттың бір келісі 240 теңге болса, биыл ол 200 теңгеге түскен, күнбағыс майы 430 теңгеден 400 теңгеге, қарақұмық жармасының бағасы 425 теңгеден 280 теңгеге түскен. 
Следующая →