Усть-Каменогорск
ясно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +15°
  • Форт-Шевченко
    +15°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +10°
  • Кокшетау
    +7°
  • Костанай
    +9°
  • Кызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +14°
  • Уральск
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.56
+0.67
478.03
+1.25
¥
61.97
+0.08
4.79
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Жаңа есептегіш құралдар орнатылады

Өскемендегі 10 мыңнан астам «ШҚ АЭК» АҚ абоненттеріне жаңа есептегіш құралдар орнатылады

Қазір компания электр қуатын тіркеудің автоматтандырылған жүйесін енгізіп жатыр. 

 Компания мамандары облыс елді мекендеріндегі 74 мыңға жуық абонентке автотіркеу құрылғыларын орнатып үлгерген. Биыл осындай құрылғыларды Өскемендегі 10 371 абонентке қосу жоспарланған. Яғни, қарапайым қуат есептегіш құрылғылары ЭКЕАЖ деп аталатын автоматты түріне алмастырылады. Әр үйдің ай көлемінде жаққан киловаттары туралы мәліметтер «ШҚ АЭК» АҚ-ның басты пультіне келіп түседі. 

  - Осылайша көрсеткіштерді алу үрдісі жеңілдей түседі. Бұл компания үшін де, тұтынушы үшін де ыңғайлы. Өйткені есеп уақтылы беріліп, аударым жасау кезінде қателік болмайды. Аталмыш жоба аясында пайдаланылатын құрылғылардың сапасы жоғары, барлығы мемлекеттік тексерістен өткен, - дейді «ШҚ АЭК» АҚ қоғаммен байланыс тобының жетекшісі  Алексей Проскуряков. 

Әр үйге құрылғы орнатылғаннан кейін бақылаушылар бір ай көлемінде есептегіш құрылғының жұмысын үнемі тексеріп жүреді. 
Следующая →