Усть-Каменогорск
ясно
+17°
  • Усть-Каменогорск
    +17°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +20°
  • Актобе
    +24°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +24°
  • Караганда
    +19°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +21°
  • Кызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +19°
  • Уральск
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
446.49
-0.91
475.38
-2.17
¥
61.66
-0.15
4.79
+0.03
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Облыс басшысы жұмыс сапарымен Семей қаласында

Облыс әкімі кезекті жұмыс сапарымен Семей қаласына келіп, қаланың қалпына келтіріліп жатқан әуежай жайымен танысты

Әуежай құрылысына барлығы 10197,4 млн теңге бөлінген. 2016 жылы аталмыш соманың 331,8 млн теңгесі игерілсе, 2017 жылдың қаңтар-сәуір айларында 894,4 млн теңгесі жұмсалған.

Аталмыш сомаға әуежайдың ұшып конуға арналған жолағы салынуы керек болатын.

Әуежай жұмысын көруге келген әкім жұмыс алаңында тәртіп пен тазалықтың, техникалық бақылаудың болуы керектігін айтты.
 
- Бұл ауқымды жоба. Сондықтан жұмыстың барынша сапалы орындалғанын қалаймын. Жөндеу жұмыстарына жергілікті кәсіпорындардың өнімдері қолданылуда. Бұл өз кезегінде аймақтық бизнестің дамуына үлесін тигізеді. Бір сыпыра жұмыстар жасалған екен, - деді Даниал Ахметов.
Следующая →