Усть-Каменогорск
пасмурно
+11°
  • Усть-Каменогорск
    +11°
  • Алматы
    +12°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +15°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +8°
  • Кокшетау
    +10°
  • Костанай
    +12°
  • Кызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +11°
  • Уральск
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.89
+0.08
477.93
+1.11
¥
62.02
+0.02
4.76
-0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Зайсанда логистикалық орталық ашылады

Зайсанда логистикалық орталықтың ашылатындығы 2013 жылы да айтылған болатын. Шекара аймағында салынатын орталық енді 3 жылдан кейін іске қосылады

- Ауданның экономикасын дамыту мен сыртқы сауда айналымын арттыруға негіз болатын ең басты инвестициялық жобалардың бірі – Майқапшағай кедені жанындағы логистикалық орталық. Жобаның құны 9 млрд 800 млн теңгені құрайды әрі құрылысы 3 жылға созылады, - деді Зайсан ауданы әкімі Темірбек Қасымжанов.

Елімізде Қазақстан аймағын Еуразиялық көліктік-логистикалық орталыққа айналдыру, Ұлы Жібек жолын салу мақсаты көзделіп отырғаны белгілі. Майқапшағай логистикалық орталығы да аталмыш ірі жобаның бір бөлігі болғандықтан, еліміз үшін өте маңызды саналады. Зайсан ауданындағы логистикалық орталық Қытай мен Оңтүстік-шығыс Азиядан келетін тауарлардың Қазақстан арқылы Еуропаға тасымалдануына мүмкіндік береді.

- Қытайдан келетін тауарлар Майқапшағай логистикалық орталығына түсіріледі. Кейін түсірілген тауарлар Қазақстан арқылы Еуропаға тасымалданады, - деді аудан басшысы.   

Логистикалық орталықты салуға 20 гектар жер бөлінген, Майқапшағай кедендік бекетінен 200 метр қашықтықта салынатын болады. Логистикалық орталықтың барлық құрылыс нысандары және шекара қызметі газбен қамтылатын болды. Сонымен қатар, аталмыш жоба 50-60 адамды жұмыспен қамтиды. Көлік орталығында жұмысшылардың тұруына арналған жатақхана да салынады. 

Биылдың өзінде логистикалық орталықты салуға 3 млрд теңге құйылады. 
Следующая →