Усть-Каменогорск
ясно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +15°
  • Форт-Шевченко
    +15°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +10°
  • Кокшетау
    +7°
  • Костанай
    +9°
  • Кызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +14°
  • Уральск
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.56
+0.67
478.03
+1.25
¥
61.97
+0.08
4.79
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Ескі 1000 теңгелік банкнот айналымнан шығады

1 наурыздан бастап 2006 жылғы үлгідегі 1000 теңгелік купюра айналымнан шығып, төлем құралы болмайды

Аталған күнге дейін бұл банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдер мен банк операциялары үшін шектеусіз пайдаланылады, деп мәлімдеді ҚР Ұлттық банкі.

- 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттарды Ұлттық Банктің барлық филиалдарында олардың айналыста болуының аяқталу күнін күтпей айырбастауға болады. Сондай-ақ олар бұл банкноттарды комиссия алмай айырбастайды, - делінген ҚР Ұлттық банкінің хабарламасында. – Одан кейін 12 ай ішінде (2017 жылғы 1 наурыз – 2018 жылғы 28 ақпан аралығында қоса алғанда) бұл банкноттар кез келген екінші деңгейдегі банкте айырбасталады.

Айта кетейік, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, айналыстағы банкноттарды қабылдаудан бас тарту шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


Ерке Мұхаметкәрім

Следующая →