/ Экологияны қорғау шараларын дамытуда

Экологияны қорғау шараларын дамытуда

Биыл «Казцинк» ЖШС табиғатты қорғау мақсатында жасаған жоспарларын жүзеге асыру үшін 513 850 теңге жұмсауды жоспарлаған
08 декабря 2016 года, 10:38 777
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Экологияны қорғау шараларын дамытуда
Источник: © Алдасан Фото: © редакция мұрағатынан
Бірақ олар бұл жоспардағы сомадан аса, яғни, 607 100 теңге жұмсаған екен.

Жоспарда кәсіпорындардың технологиялық процестерінің қоршаған ортаға әсерін азайтып, ҚР заңнамалық, нормативтік құжаттарындағы талаптарды сақтау және «Казцинк» ЖШС қызметін ИСО 14001 халықаралық стандарттарына сай етіп жүргізу талаптары негіз етіп алынған.

- Жоспарланған шаралардың ішінде күкіртқышқылды зауытындағы газды басқару құрылғыларының бөлшектерін және тораптарын замануи құрылғыларға алмастыру бар. Мұндағы мақсатымыз – газды жоятын құрылғылардың жұмысын тұрақты және тоқтаусыз ету, ауа атмосферасына зиянды заттардың нормадан артық шығарылуын тоқтату, - деді «Казцинк» ЖШС Еңбек қауіпсіздігін және экологияны қорғау қызметі басшысының орынбасары Вадим Кушнарев. – Ауа бассейнін қорғау мақсатында биіктігі 100,5 м болатын «Хальдор Топсе» мұржасын орнату жоспарланған.

Айта кету керек, «Казцинк» ЖШС-да күкірт диоксидін шығару жыл санап азайып келеді. Сондай-ақ, компания қоршаған ортаны көгалдандыру мақсатында жұмысшыларды біріктіре отырып, қала маңында жас талдарды егумен, мамандарының біліктілігін арттырумен, олардың денсаулығын тексерумен, су ресурстарын жүйелі түрде пайдалану, қорғау және табиғатқа зауыттың тигізер залалын азайту мақсатында түрлі жаңашылдық шараларын қолдануда.

Амир Қилымбеков

Загрузка...

Получайте уведомления от Устинка Live