/ Ауылшаруашылығын дамытудың үлкен мүмкіндігі

Ауылшаруашылығын дамытудың үлкен мүмкіндігі

«Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ - мемлекеттік бағдарламалар арқылы ауыл бизнесін шағын қаржыландыру бойынша негізгі оператор болып саналады
08 декабря 2016 года, 09:26 691
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Ауылшаруашылығын дамытудың үлкен мүмкіндігі
Источник: © Алдасан Фото: © Silteme.kz
Мұндағы «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның мақсаты ауыл тұрғындарына қаржылық қызмет көрсету мен оның аясын кеңейтуге және шағын несиелеуді дамыту жолымен экономиканың аграрлық секторының қаржылық ифраструктурасын жетілдіру болып табылады.

Сонымен қатар, қоғам ауыл тұрғындарына шағын несиелеу қызметін көрсетуді, ауылдың қаржылық инфраструктурасын дамытуды шағын несиелеу ұйымдарын қолдау арқылы да жүзеге асырады.

- Қордың несие қоржыны бүгінгі таңда 5,6 млрд теңгені құрайды. Белсенді қарыз алушылардың саны 2, 3 мыңнан астам. Несие қоржынының жартысы Жұмыспен қамту - 2020 жол картасына тиесілі, - дейді «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ШҚО филиалының директоры Рауан Уалқанов. - Бұл бағдарлама бойынша бюджетті пайдалану – осы жылдан бастап, нақты бекітілген бағыттар бойынша жүзеге асырылуда. Қаржының негізгі үлесі сүт қабылдау бекеттері мен отбасылық мал бордақылау алаңдарына жұмсалады.

Сонымен қатар, қор тарапынан ауылшаруашылық кооперативтерге қолдау көрсетіледі. Олар өнімнің тауарлы партияларын жинақтап, нарыққа және өндірушілерге сатылымға жіберіледі. Облыс әкімдіктерінің тарапынан жылдың соңына дейін 36 сүт қабылдау бекеттерін ашу қарастырылған. Олар өндіруші компанияларына 5,4 мың тонна сүт өнімдерін жеткізе алады. Бұл жұмыс қор арқылы және шаруашылықтың жеке қаражаттарына жүргізілуде.

- Қор тарапынан бұл бағытта 5 сүт қабылдау бекеті мен 100 отбасылық мал бордақылау алаңы қаржыландырылды. Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы бойынша биыл қор арқылы 1,95 млдр теңгені шағын несиелеуге бағыттау жоспарланған. Республикалық бюджеттен бұл бағыттарды қаржыландыруға қосымша 400 млн теңге бөлінуде, - деді Рауан Асқарұлы.

Ағымдағы жылы қарастырылған қаржыдан 1003,7 млрд теңгеге 417 жоба қаржыландырылып, 593 мың адам жұмыспен қамтылған. Ал қаржының 80 пайызы агроөнеркәсіп кешені саласындағы жобаларға жұмсалып, оның ішінде 206 млн теңгеден астамы – мал бордақылау жобаларына бағытталған.

Мөлдір Тоқтамыс

Загрузка...

Получайте уведомления от Устинка Live